«Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық басқармасы» ММ басшысының тағайындалуы

Ақтөбе облысы әкімінің міндетін атқарушы Шериязданов А.Т. 2016 жылғы 1 тамыздағы өкімі бойынша Вахитов Салават Даутұлы «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

ВАХИТОВ Салават Даутұлы

1975 жылы туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы университетін АӨК экономист және менеджер, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бакалавр-заңгер, сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы «Асан-Дән» ЖШС экономист ретінде Батыс Қазақстан облысында бастаған.

«Экономика басқармасы» ММ аға, жетекші маман, кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша транспорт бақылау Басқармасы басшысының бас маманы, орынбасары қызметін атқарды. 

ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігі «Капиталмұнайгаз» ММ директорының, Астана қ. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің заң  департаменті директорының орынбасары (Монополияға қарсы агенттік).

Ақтөбе қ. Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясын,   Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы инспекциясын басқарған. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылғы мамыр айынан бері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қ. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.