«Үздік ауыл әкімі» байқауының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы анықталды!

«Үздік ауыл әкімі» байқауының өңірлік деңгейдегі жеңімпазы анықталды!

Естеріңізге салсақ, мамыр айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен алғашқы рет «Үздік ауыл әкімі» байқауы ұйымдастырылған болатын.

Байқау жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтауға бағытталған.

Байқау нәтижесімен, ауыл әкімдерінің арасында өңірлік деңгейде Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Төлеуханұлы Аққайыр жеңімпаз атанды.

Ол өңіріміздің абыройын республикалық деңгейде өткізілетін байқауда қорғайтын болады.