Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ауылшаруашылығын өндірушілердің баспасөз-релизі

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, азық-түліктің  ішкі саудасын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ауылшаруашылығын өндірушілердің белсенділігін қолдауға арналған басым бағыттарды анықтады.

ҚР  Президенті мен Үкіметтің тапсырмасын орындау барысында «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы  экономикалық дағдарыс кезінде ерекше маңызды болып саналатын нарықтағы азық-түлік өнімдерін дамыту және төмендетілген бағамен жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерімен толықтыру бойынша белсенді жұмыс істейді.

Корпорациямен қайта сатып алушы және делдалдардың қатысуынсыз жеткізуші мен тұтынушыны байланыстыратын, тауар өндірушілерге өз өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік беретін, ал  сатып алушыларға – қол жетімді бағаға сапалы өнімдерді сатып ала алатындай заманауи инфрақұрылым құрылды.

 «Ақтөбе»  ӘКК-сы ауыл шаруашылық тауарларын сатуға арналған көтерме сауда базары, көкөніс қоймасы және 22 шағын-базарлар мен сауда павильондардың,  жалпы  ауданы 4400 шаршы метр    «Табыс» коммуналдық базарының меншік иесі болып табылады. Делдалсыз тауарларды сату мүмкіндігінің арқасында базардан 10-40 пайызға бағаны төмендетті. 2016 жылы «Табыс» базарының аумағында 23 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ Астана мен Қызылорда қалаларында 2 көшпелі жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді. Өнімдерді сату үшін мерзімі мен шарттары қолайлы болып табылды: айына жабық үй-жайдағы бір  орын 6500 теңгені құрайды. Сонымен бірге өнімдерді автодүкендерде  сатуға болады.

Тек Ақтөбе облысы мен көрші аймақтардың аумағында жұмыс істейтін, жергілікті фермерлердің күші және әлеуетін біріктіргенде ғана, ӘКК сауда желісінде олардың өндірген азық-түлік өнімдерін жеткізу мүмкіндігімен,  инфляцияға қарсы бағаларды тежеу ​​ саясатын іске асыруға болады.

Өңір аралық кооперацияны дамыту аясында Ақтөбе облысы мен Қазақстанның басқа да аймақтарындағы барлық мүдделі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін «Ақтөбе» ӘКК-ның сауда алаңдарында өнімдерін сатуға қатысуға шақырамыз. Біз өз өнімдерін алға жылжытуда өнімдерін өндірушілерге көмек көрсетуге және қажетті сұрақтары бойынша кеңес беруге дайынбыз.

Қазақстан Республикасының барлық фермерлерін өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!