Алик Шпекбаев «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінде болды

ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы  Алик Шпекбаев пен  облыс әкімі Оңдасын Оразалин   «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінде болды.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен  облыс әкімі Оңдасын Оразалин  жылыжайда қызанақ өсіру жұмысының барысымен танысты.
Естеріңізге салып өтсек,  голландиялық инвестордың  бірқатар  қиындыққа топ болғандығы жайында айтылған болатын. Нидерландтық инвестордың жылыжай кешеніне арналған жабдықтарды әкелуі барысында, мемлекеттік кірістерге тиесілі кеден органы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде, фискалдар «Green Capital Kazakhstan» ЖШС 353 млн теңге көлеміндегі баж салығын артық есептеген.
Кәсіпорын мамандары  "Protecting business&investments"жобалық кеңсесіне жүгініп, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қызметтің  мәселеге араласуы барысында  айыппұл салығы тасталған.
 «Шетелдік инвестициялар үшін өңірлік бәсекелестіктің күшейуі контекстінде елдегі парасатты бизнес-ортаны қалыптастыруды ынталандыру қажет. Бұл бағытта "Protecting business&investments" жобалық кеңсесі жұмыс жүргізуде, ол Қазақстанның Орталық Азиядағы бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға белгілі бір үлес қосады», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі