Ашық есік күні

Ағымдағы жылдың маусым айының 21 күні «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалында қала тұрғындарына арналған қоғамдық қабылдау форматында «Ашық есік күні» өтті.

Аталмыш шараға халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық және мемлекеттік емес қауымдастықтардың өкілдері, соның ішінде «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры» АҚ, «Еңбек, мемлекеттік қорғау және көші-қон Департаменті» ММ, «Мемлекеттік кірістер Департаменті» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, «Ақтөбе облыстық кәсіподақтар бірлестігі» аумақтық бірлестігі және «Қазпочта» АҚ өкілдері қатысты.

«Ашық есік күніне»  қатысқан қала тұрғындары зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу және ерікті зейнетақы салымдарына байланысты барлық сұрақтарына толық және кәсіби жауап алды. Сонымен бірге кездесу барысында облысымызда кәсіподақ бірлестігінің қызметтерінің даму перспективалары туралы және «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпочта» АҚ арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы өркендеуі туралы сұрақтар қамтылды.