Ақтөбедегі өзендердің арнасын кеңейту жұмыстары үшін сараптамалық жұмыс тобы құрылады

Бұл жайында   еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысына жасаған іс-сапарында мәлімдеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 22-23 маусым күндері Ақтөбеде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған сала мамандары өзен арнасының гидрологиялық кеңеюінен туындайтын жағдайды зерделеу мақсатында жұмыс сапарымен болды. Жексенбі, 23-маусым күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен бірге, әкімдік мамандарымен, қоғамдық өкілдер, белсенділермен арнаны тазалау және кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқан жерлерге барды. Жергілікті  тұрғындармен кездесіп олардың пікірін тыңдады.
Министр өзен арнасын кеңейту проблемасына қатысты (Сазды, Қарғалы, Елек, Жаман-Қарғалы, Бұтак, Песчанка, Тамды, Жіңішке), жалпы алғанда, бұл жұмыстар айналадағы аудандарда су басудан аулақ болу керектігін атап өтті.

«Өзендерді кеңейту, тазалау жұмыстарымен 4 мердігер мекеме айналысып отыр.  Жұмыс жылдың басында басталып келесі жылы аяқталуы тиіс еді, алайда маған осы мәселе бойынша тұрғындар жиі арызданды, жергілікті халықтың наразылығы көбейді, бұлай жалғасуы мүмкін емес деді»,-облыс әкімі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі  жұмыс сапары соңында су басу қауіпі бар аймақ тұрғындарын төтенше жағдайдың орын алуынан сақтандыруымыз қажет. Алайда, қандай жолмен шешу керек деген мәселе туындап отырғандығын жеткізді. 
«Экологияға залал келтірместен, сапалы технологияларды жұмылдыра отырып, құрамына министрліктен, әкімдік, белсенді азаматтардан, және эколог мамандардан құралған арнайы жұмыс тобы құрылатын болады.Бұл жұмыс тобы ашық кеңесіп отыратын болады. Сондықтан, сараптама жұмыстары біткенше біз бүгін тереңдету, кеңейту жұмыстарын уақытша тоқтатамыз деп шештік»,-деді Мағзұм Мырзағалиев.

Айтып өтейік, аталған жұмыстардың жүргізілуіне 2017жылы орын алған су тасу оқиғасы себеп болған. Төтенше жағдай 907 саяжайлық және тұрғын үйлерді шарпып су басқан.Оның 110-ы қайта қалыпына келмеген. Одан өзге 5 көпірге де шығын келген.Соңғы 20 жылда аталған су нысандарында арнаны тазарту, кеңейту жұмыстары жүргізілмеген.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі