Ақтөбеде алғаш рет қазақстандық хирургтер қоғамының ll-ші Пленумы өтті

16  қазан, бейсенбі күні «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Қазақстан хирургтар қоғамы, А. Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығының" ұйымдастыруымен  «Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы щұғыл хирургия аспектілері және басым бағыттарының дамуы» халықаралық Қазақстандық хирургтар қоғамының II Пленумы өтті.
Екі күнге жалғасатын  жиынға Корея, Ресей, Литва елдерінің  бас хирургтары келді.Облыс  әкімі Оңдасын Оразалин ақ халаттыларды алғаш өткізіліп отырған халықаралық жиынның ашылуымен құттықтады.
"Қазақстандық хирургтер қоғамының кезекті II Пленумы осы мақсаттарды орындауға көмектесуге арналған. Ақтөбе облысында медицинаны дамытудың мемлекеттік  бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Өңірде жаңа заманауи медициналық нысандар салынды. Бұрын жұмыс істеп тұрған емдеу мекемелерінің көпшілігі ең соңғы уақыт талаптарына жауап беретін жаңа жабдықтармен жасақталды.Облыста трансплантология, кардиохирургия, онкология, балалар хирургиясы, реабилитология, репродуктология, офтальмология және медициналық ғылым мен тәжірибенің басқа да бөлімдері қарқынды дамып келеді",- деді Оңдасын Оразалин.
Аймақ басшысы отандық үш хирург дәрігерге және Ақтөбелік азаматтарға 12 рет сәтті ота жасаған   Оңтүстік Кореялық  хирург Кванг Вунг Лиге ( Кванг Ли өзі келе алмауына байланысты марапатты профессор Ли Мюнгсу алды) "Ақтөбеге 150 жыл" мерекелік медалін табыстады. Сонымен қатар, Ақтөбеде 20 рет сәтті ота жасаған Седат Иылдырым  мен  жергілікті  4 ақ халатты  Ақтөбедегі медицинаның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды. Облыс әкімінен марапат алған дәрігерлер еңбектерінің еленгені үшін аймақ басшысына алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі