Ақтөбеде техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру семинар аяқталды

Ақтөбеде техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру семинар аяқталды

2019 жылдың 1-3 қазан аралығында «Dastan Hotel Aktobe» ЖШС конференц-залында техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру оқуы өтті.

Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарынның әр-түрлі деңғейдегі қызметкерлерінің кәсіби компетенция деңғейін жоғарылату және жетілдіру мақсатында осы іс-шара «ҚазСтИн» РМК филиалы ұйымдастырды. Осы оқу әрі-қарай, өнідірісте, өнім өндіру мен қызмет көрсетуін жетілдіру үшін дұрыс және тиімді жоғарғы дәрежеге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Оқуға 88 адам қатысты. Семинар Ақтөбе облысының кәсіпорындары және ұйымдарының басшыларына мен мамандарына арнайы өткізілді, олардың арасында өндірістік кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ, тексеру және калибрлеу зертханаларының, жоғары оқу орындарының өкілдері болды. Бұған келесі: «Казхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Ақбұлак» АҚ, «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Энергосистема» ЖШС, «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС, «Ақтөбе металқұрылымдары зауыты» АҚ, «Противопожарная безопасность» ЖШС, «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС және т.б. кәсіпорындарының мамандары қатысты.

Алғы сөзбен семинарды «ҚазСтИн» РМК Ақтөбе филиалының директоры Манас Сарбопин ашты.

3 күн ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі, Қазақстан Республикасындағы сәйкестікті бағалау рәсімі, Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйелеріндегі, сапа менеджментін сертификаттау облысындағы жаңа тәсілдерін және Евразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесі қаралды. Сонымен қатар метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтар мен «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» (041/2017 ЕАЭО ТР) және «Электротехника және радиотехника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» (037/2016 ЕАЭО ТР) ЕАЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктерімен танысты.

Дәрістермен приоритеті өндіріс секторларындағы және техникалық реттеу жүйелеріндегі сарапшы-аудиторлары: Нұр-Сүлтан қ. ТРМК Департамент басшысының орынбасары – Гүлнара Яшкина, «ҚазСтИн» РМК Павлодар филиалының бас маманы – Рымкеш Исина, тәуелсіз сарапшы-кеңесшісі, Минералдық ресурстар академиясының корреспондент мүшесі Қазкен Оразалина және «ҚазМетрИн» РМК Ақтөбе филиалының бас сарапшысы Саулеш Айтжанова сөз сөйледі.

Семинар өту барысында, өндірістік қызметіне байланысты қатысушылар қойылған сұрақтарға дәріскерлер толық жауап берді.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар өздерінің кәсіби деңгейін арттырды, техникалық реттеу, метрология және сапа менеджмент саласындағы кәсіпорынның алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін практикалық білім алды. Кәсіпорының күнделікті қызмет атқарған кезде актуалді ақпараттарымен қолдануы, оны динамикада талдауы және шығындарды төмендетеуіне мүмкіндік береді.