Ақтөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке» атты ХХІІI сессиясы өтті

27 қараша, сәрсенбі  күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің  төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Этносаралық татулықтан – жалпыұлттық бірлікке» атты  ХХІІI сессия жиыны  өтті. Мемлекетіміздегі татулық пен ынтымақтың, бірлік пен келісімнің киелі бесігіне айналған басқосуға  облыстағы аудан әкімдерінің орынбасарлары қалалық, аудандық мәслихат хатшылары, аналар кеңесінің төрағалары,  қоғамдық кеңес төрағалары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен дін өкілдері және жастар қатысты.
Жиында Елбасының және мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бағытындағы жұмыстар, облыстық ҚХА  2019 жылы атқарған жұмыстары талқыланды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауы жаңа леп, жаңа серпін беруде. Бұл Жолдау жағымды жаңалықтармен толысты: біз бұрын «Алдымен – экономика, содан кейін саясат» деген ұранмен келген болсақ, енді қоғамдық-саяси жаңғырудың саяси реформалардың маңыздылығы да атап өтілді. Яғни, ендігі бағыт – әрі экономика, әрі саясат болмақ»,-деді облыс әкімі. Оңдасын Оразалин сонымен қатар,  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының  Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІI сессиясындағы «Татулық пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» тақырыбымен өткен сессия барысында алдымызға біршама міндеттер жүктелгендігін атап өтті.
Облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қорғанбаева облыстық ҚХА 2019 жылы атқарылған жұмыстарды айтып өтті.  Сондай-ақ, поляктардың  «Святло» Ақтөбе облыстық этно-мәдени бірлестігінің өкілі Надежда Степаненко, Еуропалық медиаторлар Ассоциациясының құрметті, мүшесі, «Ақтөбе облысы медиаторлар Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Светлана Балпеисова, «Жаңғыру жолы» республикалық  жастар қозғалысының облыстық штаб төрағасының орынбасары Алданазар  Жаханов т.б ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері қоғамдық келісім, ұлттық бірлік туралы ой-пікірлерін ортаға салды.
«Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік – Қазақстанның әлеуметтік игілігі мен өркендеуінің негізі. Ақтөбе облысында 90-нан астам түрлі ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүруде.  Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» деген сөз  өте орынды айталған»,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы  облыстағы ҚХА Алға, Темір, Әйтеке би аудандарының ардагерлер, аналар , қоғамдық кеңестерінің, этномәдени мүшелерін жалпы 7 азаматты  алғыс хатпен марапаттап, Ақтөбе облыстық ҚХА ресми мүшелігіне өткен  4 азаматқа  куәлік табыстады.
Жиынның ресми бөлімінен соң,  ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығының ашылуына арналған «Елбасы – Ассамблея тарихы: бейбітшілік пен келісімнің шежіресі!» атты концерттік  бағдарламамен жалғасты.
Облыс әкімі салтанатты шарада  ҚХА 25 жылдығына қатысты  «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС , Қ.Жұбанов атындағы  АӨМУ, облыстық білім басқармасына  бастау берді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі