Ақтөбеде 20 жылдан астам бері қаңырап тұрған ғимаратта балаларға арналған футбол-жаттығу кешені ашылды

Все рабочие поездки акима
Дүйсенбі, 19 наурыз, 2018

Елбасы тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе облысында бұқаралақ спортты дамыту мен халықтың салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осылайша, Ақтөбеде "Бақытты бала" жобасы аясында алаңы 8 мың метрлік балаларға арналған футбол-жаттығу кешені ашылды. Енді жас футболистерді даярлау жаңа, қолайлырақ жағдайда жалғаспақ.

Нысан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылды. Жаңа спорт кешені бір кездері фабрика болған ғимаратта орналасқан. Ғимарат жиырма жылдан астам уақытбойы иесіз тұрды. Оны қайта қалпына келтіруге, футбол алаңдарын орналастыруға, техникалық жəне қосымша үй-жайларды жөндеу үшін инвестор 300 млн теңге бөлді. Енді мұнда күн сайын 500-ге тарта бала спортпен шұғылдана алады.

Салтанатты шараға облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

- Қазақстанда, соның ішінде Ақтөбеде футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мәселеде балалар мен жасөспірімдер футболын дамытудың қаншалықты екенін түсінеміз жəне облыстың барлық елді мекендеріндегі балалардың футбол ойнауға мүмкіндіктері болғанын қалаймыз. Сонда ғана біз дарындарды анықтап, танымал спорт түрінің отандық жұлдыздарын өсіре аламыз. Осы мақсатта облыстың барлық аудандарында 2016 жылдан бастап "Ақтөбе" футбол клубының бөлімшелері ашылды. Спорт инфрақұрылымдарын дамыту жалғасып жатыр. Бір жыл бұрын мұнда иесіз тұрған ғимарат болатын, ал бүгінде бес футбол алаңы орналасқан. Біз футболды əрқашан қолдап келдік жəне қолдауды жалғастырамыз,-деді облыс əкімі.

Өңірдегі футболды қолдауға жеке инвесторлар да ниетті. Мемлекет оларға өз тарапынан мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдері арқылы барынша қолдау көрсетуде.

- Бүгінде бұл бес футбол алаңы бар, ФИФА-ның халықаралық стандарттарына сай келетін

Қазақстандағы жалғыз жабық кешені. Жарақат алу қаупін азайтатын жайылма жастығы бар спорт паркетінен жасалған жабындысы бар бірінші алаң, жасанды көгалдан жасалған төсемесі бар төрт алаң. Келешекте мұнда тек жас футболшыларды жаттықтырып қана қоймай, түрлі жарыстар да өткізуге болады,-деп атап өтті жеке инвестор өкілі Асқарбек Мамырбаев. 

Облыстық спорт жəне дене шынықтыру басқармасының мəліметінше, 2016 жылы облыста футболмен айналысатын 8 мыңдай бала болған. Қазіргі таңда олардың саны 12 мың балаға артты. Былтыр өңірде барлығы 32 футбол алаңы ашылған.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі