Ақтөбелік кәсіпкерлер өңірді залалсыздандыруға арналған өнімдермен қамтамасыз етуге дайын

23 наурыз, дүйсенбі облыс әкімі Оңдасын Оразалин қаладағы бірнеше нысанды аралады. Аймақ басшысы Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерге жылу және ыстық суды жеткізушісі және Ақтөбе қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуші және, кәріз суын тазалау бойынша қызмет көрсететін «Ақбұлақ» АҚ мекемелерінде болды. Жылу маусымының аяқталуына аз ғана уақыт қалғандықтан, облыс әкімі аталған мекемелердің келесі маусымдарға дайындығын пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
«Ақбұлақ»АҚ Президенті Асқар Қыстаубаев жылу беру маусымы сәуірдің 30-да аяқталатындығын жеткізді. Өңір басшысы тұрғындарды ыстық сумен, жылумен үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар, тозығы жеткен кейбір жылу қазандықтарына қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын ыждағатты жүргізуді тапсырды. «Ақбұлақ» АҚ тәулігіне 181,143 мың текше метрге дейін су өндіретін 5 жер асты су көздерінен тартады. Қалаға су жалпы қашықтығы 840 шақырым су құбыры желілері бойынша жүзеге асырылады. Кәріз суды бұру өздігінен ағызылатын және арынды кәріз су коллектарларымен 482,79 шм желісі арқылы сыртқа шығарылады.
Бұдан соң өңір басшысы «Covid-19» жұқпалы індетіне байланысты сауалдарға жауап беруге арнайы ашылған «CALL-орталықтың» жұмысымен танысты. Күндіз-түні үздіксіз қызмет көрсетуге 9-11 адам жұмылдырылған. Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер операторлардың жұмыстарын көрсетті. 1 күннің ішінде аталған індетке байланысты CALL-орталыққа яғни, 906-606 нөміріне 100 ге жуық сұрақтар түскен.
Облыс әкімі тұрмыстық химия өнімдерін шығарумен айналысатын «Grant Adal» ЖШС компаниясына ат басын бұрды. 2018 жылы жұмысын бастаған кәсіпорын ыдыс, еден жуу, сантехника, кафель, әйнек және айна, плиталар мен духовакаларды тазалау құралдары, сұйық сабын және кір жууға арналған гельдер өндірумен айналысады. Сондай-ақ, компания дезинфекция өнімдерінің 4 түрін антисептик, хлоросептик т.б түрлерін шығарады. Өнімдер Өзбекстан, РФ экспортталады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Grant Adal» ЖШС басшысы Арыстанбек Жұмабаевқа ең алдымен жергілікті нарықты қамтамасыз ету керектігін тапсырды. «Grant Adal» ЖШС залалсыздандыру заттарымен Ақтөбе облысын 100% қамтуға мүмкіндігі бар. Арыстанбек Жұмабаев аймақ басшысының тапсырмасын тез арада орындайтынын, және қарттар мен жетім балалар үйлерін залалсыздандырғыш заттармен тегін қамтамасыз етуге уәде берді.
Облыс әкімі медициналық өнімдер шығарумен айналысатын «ТК-Фарм» ЖШС кәсіпорнында болды. Ересектер мен балаларға арналған сұйық, қатты формадағы дәрі-дәрмектер, 70%-90% спирт, бетперде шығарумен қарқынды түрде айналысуда. Мұнда әр ауысымда 5000 дана бетперде шығарылады.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин орынбасары Қайрат Бекеновке, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат Райымқұловқа жергілікті кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуді, және аймақты қажетті медициналық жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етуді тапсырды.
« Қазіргі уақытта бізге ең қажеттісі медициналық жабдықтардың санын арттыру, өзімізден артылған жағдайда ғана басқа елдерге тасымалдауға болады. Сонымен қатар, қаладағы халық көп жүретін орындарға залалсыздандыру жұмыстарын аянбай үздіксіз жүргізіп, қолда бар мүмкінщдікті толық пайдаланыңыздар»,-деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі