"Ақтөбе" газетіне 95 жыл

Облыстық «Алғаш рет «Кедей» атауымен 1924 жылдың 7-маусымында жарық көрген газетке биыл 95 жыл. «Социалдық жол», «Социалистік жол», «Батыс Қазақстан», «Коммунизм жолы» және «Путь к коммунизму» газеттері болып әр түрлі атаулармен  жарық көрген. 90-шы жылдардың басында басылым атауы «Ақтөбе» болып өзгертілді. 2018 жылдан «Ақтөбе Медиа» ЖШС-гі  аясына біріккен «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттері, «Адырна», «Үш таған» журналдары, газет сайты «Баспасөз» үйінен орын алды.

«Ақтөбе» газетінің 95 жылдық салтанатты  шарасына  облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, ұжым мен газет оқырмандарын құттықтады.

«Республикамыздағы байырғы басылымдардың бірі саналатын бұл газетте бірнеше буын өкілдері қызмет атқарды. Алдыңғы толқын қалыптастырып кеткен жақсы дәстүрлер кейін де сабақтастықпен жалғасын тауып келе жатқаны қуантады»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.

Аймақ басшысы осы басылымда  еңбек еткен алты азаматты алғыс хатпен, екі азаматты   Асқар Идош, Телеуова Зияшқа  «Ақтөбе қаласының 150 жылдығы» мерекелік медалін табыстады. Мерекелік кешке жиылған қауым баспасөз музейін аралап,  басылымның тарихын тамашалады.

Айтып өтейік, «Ақтөбе» газетінің қазіргі таралымы 20 мыңның үстінде, аптасына 3 рет шығады.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі