Ақтөбе жолдарын жөндеуге биыл 5,3 млрд теңге бөлінді

5 наурыз, бейсенбі  күні  Ақтөбе   облысының  әкімі  Оңдасын Оразалин  қаладағы жөндеуді талап ететін Әбілхайыр хан, Әз-Наурыз, Бөкенбай батыр, Сәңкібай батыр сынды  бірнеше көшелерді аралады.  Жолдардың жағдайын  БАҚ өкілдері, журналистермен  бірге көруге арнайы шыққан аймақ басшысына қала әкімі Мавр Абдуллин  биылғы жылы жүзеге асырылатын жұмыстармен таныстырды.
«Ақтөбедегі  көтеріліп жүрген  жол проблемасы бір күнде болған дүние емес. Өткен жылы қаражаттың қаралмауы, екі-үш жыл  бұрынғы мердігер мекеме  жұмыстарының салғырттығынан жолдардың жағдайы  осындай күйге түсіп отыр»,-деді облыс әкімі
2020 жылы облыстық, қалалық, республикалық бюджеттерден қала жолдарын  жөндеуге 5,3 млрд теңге  бөлінген. Ақтөбе қаласы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 651 шақырымды құрайды. Биылғы жүзеге асырылатын жоспарларыдың негізгісі, өткен жылдарда бастау алған ірі жобалардың жалғасуы болып табылады.
Батыс 2, Нұр Ақтөбе,  Нұр Ақтөбе 1, 1 «А» ықшам аудандары мен  М.Арынов көшесі, «Сельмаш» ауданындағы көпір өткелінің құрылыстары  Заречный-3,4 елді мекендеріндегі  және Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдар  реконструкциядан өтеді. Ал, Байғанин, Құлымбетов, Мөңке би, Нариманов, М.Мәметова, М Өтемісов, Бейбітшілік көшелеріне күрделі жөндеу жасалса, Бөкенбай батыр і мен М.Мәметова көшелері арасындағы жолдарғы орташа жөндеу жүргізіледі.
Атап айтқан жұмыс жоспарына қоса жалпы соммасы 11,8 млрд.тг. болатын автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 40 жобалық-сметалық құжаттамалар  әзірленген.  Алдағы жылдары осы жобаларды толығымен жүзеге асырған жағдайда, асфальт жамылғысымен қамтылған автомобиль жолдарының көрсеткіші 80%  дейін жететін болады.
Жоғарыда аталған  жұмыстар ауа райы жылына бастағанда басталады.  Дегенемен, тұрғындардың  сұранысына орай,  « Ерхат жолдары»  ЖШС, «Автолайн» ЖШС, «Барлық құрылыс» ЖШС  мердігер мекемелері өз қаражаттарымен мен  демеушілік тұрғыда  Бөкенбай батыр, Әбілхайырхан, Ә. Молдағұлова, 11- мөлтек аудан,  Некрасов  көшесінің үстіндегі жол өткеліндегі  пайда болған  шұқырларды бітеу жұмыстарын бастаған.
« Көпшіліктің, әсіресе көлік жүргізушілердің жан айғайын түсініп отырмын. Дегенмен, ашуға беріліп, эмоцияға  салынғанда ешнәрсе шешілмейтінін түсінуіміз керек. Қалаға жанашыр азаматтар істі қолға алды. Болашақта  сапалы жолдарға  қол жеткіземіз деген сенімдемін»,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы сонымен қатар қала әкімі Мавр Абдуллинге биылғы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысатын мердігер компанияларға талапты күшейтуді тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі