Ақтөбе және Орынбор облыстары өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Мұндай келісімге екі шекаралас елдердің басшылары Орынбор облысында өтіп жатқан Ақтөбе облысының күндері аясында өткен ресми делегациялардың кездесуінде келді.

Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг ақтөбеден келген делегациямен амандасты.

-Мен Ақтөбе облысы күндері аясында өтіп жатқан көптеген шаралардың көршілеріміздің төл мәдениеті мен салт-дәстүрін жақынырақ тануға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін. Біздің өңірлерді тек тарих, сауда-саттық қана емес, туыстық дәнекер де байланыстырады. Бізді байланыстырып тұрған шекараны біз нағыз көршілік шекарасы деп атаймыз. Бізді еліміздің, өңіріміздің игілігі үшін жұмыс жасауымыз біріктіреді,-деді ынтымақтастықтың айрықша келешегі бар бағыттарын атап шыққан Юрий Берг.

Олардың қатарында жемшөп базасын нығайту, мал семірту алаңдарын салу, заманауи өндірістерді құру, көліктік логистикалық орталықты, өңіраралық әуетасымалын дамыту, автокөлік бекеттерін қайта құру бар. Шекаралық ынтымақтастық жобасының қалыптасуымен және алға жылжуымен өңіраралық жұмыс тобы айналысатын болады.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбелік делегацияның шекаралас Орынборға келуі ара қызығушылықты жақындастырып, әрі қарай дамыту үшін тағы бір қадам жасау болып табылатындығын айтты.

- Елбасының сарабдал саясатының арқасында Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінде алдымыздан екі елдің ынтымақтастығын дамытуға жаңа кеңістіктер ашылады. Өңірлеріміз арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бізді әлеуметтік жобалрды жүзеге асрыу, көліктік логистиканы дамыту сауалдары толғандырады,- деген Бердібек Сапарбаев Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергті Орынбор Облысындағы Ақтөбе облысы күндерінің жоғары дәрежеде өтуіне қолғабыс еткені үшін алғыс айтты.

Орынбор облысы Ақтөбе облысының маңызды сауда серігі болып табылады. 2016 жылы Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара сауда көлемі 862,5 млн. АҚШ долларын құраса, оның 85 млн. АҚШ доллары Орынбор облысының үлесінде, Ақтөбе облысының экспорт үлесі 41,8 млн. АҚШ доллары.

Жыл сайын Ақтөбе облысының сыртқа шығаратын тауарлар атауы артып келеді. Оған: медициналық техника, құрылыс блоктары, бейметалл құбырлар, геологиялық және мұнай жабдықтары, алтынды және мыс концентраттары, ферроқорытпа, химреагенттер, керамикалық кірпіш, кондитер өнімдері, ет, сүт және өзге де өнімдер кіреді.

Өзара тиімді қарым-қатынасты әрі қарай дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Ақтөбе облысының басшылығы айтарлықтай қолайлы жағдайлар жасауда.

«Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Ақтөбе облысындағы 628 шақырымдық құрылысы аяқталып, аталмыш жолмен жүретін автокөліктер легі мен жүк айналымы екі есе артты. (2011 жылдан бастап 3,1 млрд тонна шақырымнан 6 млрд тонна шақырымға дейін өсті). Аталған жолдың құрылысы толық аяқталған соң Қытайдан Ресейге жүк жеткізу 40 тәуліктен 10 тәулікке азаяды. 2016 жылы 135 шақырымдық Ақтөбе-Орск көлік жолын қайта құрылымдау басталды, жұмыстар 2018 жылға қарай аяқталады. 2016 жылдың соңына қарай «Жайсан» өткізу бекетін қайта құрылымдау аяқталған болатын, бұл екі қозғалыс жолағының орнына сегізін жасау арқылы тәулігіне 2000-нан 8000 автокөлікке дейін өткізуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында екі өңірдің басшылары бірқатар меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, Бердібек Сапарбаев пен Юрий Берг Оырынбор және Ақтөбе облыстарының арасындағы шекаралық ынтымақтастық пен өзара әрекет ету мәселеелрі бойынша әрекеттердің үйлесімділігінің механизмі туралы келісімге қол қойды.

Тараптар, сонымен қатар, ауыл шаруашылық пен кәсіпкерлікті дамыту салаларында да бірлесіп әрекет етуге ниетті.

- Біз келісім шараларының жоспарларының орындалуын қадағалайтын, берілген тапсырманың жедел орындайтын өңіраралық жұмыс тобының құрылуы туралы келісімге қол қойғанымыз үшін қуаныштымыз. Аталмыш келісімге қол қою зара ынтымақтастықтың жаңа векторын кеңейтіп, дамытуға қосымша импульс береді,-деді Бердібек Сапарбаев кездесу соңында.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі