Ақтөбе облысында басқарма басшылары тағайындалды

 Сәрсенбі, 3-шілде  күні өткен аппарат жиынында облыс әкімі Оңдасын Оразалин екі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды. Облыс әкімінің қаулысымен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы етіп Қадырбаев Нұрхан Кенжебайұлын, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылығына Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлын тағайындады.
Нұрхан Қадырбаев 1986 жылы туған.Жоғары білімді. 2008 жылы– Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.Еңбек жолын 2007 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрының әртісі болып бастаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік клубының көркемдік жетекшісі,Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры басшысының орынбасары, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры қызметтерін атқарған.
Мәлімбет Ибрашов 1970 жылы туған. Жоғары білімді. Алматы экономика және статистика институтын, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль және жол университетін, Халықаралық бизнес академиясы оқу орындарын аяқтаған. Еңбек жолын 1989 жылы Орынбор облысы «Ақбұлақ» совхозының  құрылыс жұмысшысы болып бастаған.  Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы,Қарғалы, Әйтеке би аудандарының әкімі қызметтерін атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басқарма басшыларына облыстың өркендеу жолында атқарылатын жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі