Ақтөбе облысында бірнеше аудан әкімдері тағайындалды

 2 шілде, сейсенбі  күні Ақтөбе облысының Хромтау, Алға,Мұғалжар, Байғанин аудандарына жаңадан әкімдер тағайындалды.   ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың  келісімімен облыс әкімі Оңдасын Оразалин  Хромтау ауданына  Алдияров Нағымжан Смағұлұлын,  Алға ауданына Аққағазов Мамырғали Досқұлұлын, Мұғалжар ауданына Шериязданов Асқар Тұрарұлын, және Байғанин ауданының әкімі етіп Утаров Қайрат Орынбасарұлын тағайындады.

Нағымжан Алдияров 1975 жылы туған. Жоғары білімді. Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Аққайың» өндірістік кооперативінде аға бухгалтер болып бастаған Маржанбұлақ  а.о-нің әкімі, Алға қалалық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, 2017 жылдан  Алға ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Мамырғали Аққағазов 1964 жылы туған. Жоғары білімді. 1986-1988 жж алға ауданында колхоз инженері болып жұмыс жасаудан бастаған. Алға қалалық округінің  әкімі, Алға, Байғанин ауданы әкімдерінің  орынбасары,Байғанин ауданының әкімі,  Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы, «Ақтөбе» ӘКК»АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Асқар Шериязданов 1968 жылы туған. Жоғары білімді.Еңбек жолын №7 ПТУ-да қазақ тілі - әдебиетінен  мұғалім болудан бастаған.Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау басқармасының бөлім басшысы,облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары,Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы,Алға ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,Байғанин ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Қайрат Утаров 1968 жылы туған. Жоғары білімді.Алғаш еңбек жолын 1985 жылы Исатай ауданында жұмысшы болып бастады.Исатай аудандық  заңды тұлғалардың табыстарына салық салу бөлімінің бастығы, салық инспекциясы бастығының орынбасары, зейнетақы орталығы Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарған.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тағайындалған аудан басшыларына тұрғындардың  әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту, ауылшаруашылық саласын дамытып, қосымша инвестиция көздерін тарту,жұмыссыздық санын азайтып, халықпен етене араласуды, олармен барынша жақын болуды тапсырды.
Сондай-ақ, қызметтеріне жаңа кіріскен азаматтардың ісіне сәттілік тілеп, артылған міндетті ақтайсыңдар деген сенімін білдірді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі