Ақтөбе облысында жүк вагондарының жолдан шығып қалуына байланысты пойыздары тұрып қалған жолаушыларға өтемақы төленетін болады

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз конференциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде Астана уақытымен сағат 03:25-те Әйтеке би ауданының орталығынан 74 шақырым қашықтықта "Әйтеке би - Никельтау" теміржол аралығында руда тиелген 22 вагон жолдан шығып кетіп, нәтижесінде теміржол төсемі бүлінген болатын. Көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов барды.

Оқиға орнында теміржол төсемін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қалпына келтіру жұмыстарына 86 адам, "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ Әйтеке би және Қандыағаш станцияларына қарасты 2 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Сағ 17-00-ге таман 2 вагон темілжолға қойылды, тағы 20 вагон теміржол бетінен алынды.

Осы уақыт аралығында "Астана-Атырау" және "Астана-Ақтөбе" бағытындағы пойыздардың 320-дан астам жолаушысы Ақтөбеге жеткізілді. Өзге жолаушыларға жағдайдың барлығы жасалды: тамақ берілді, су жеткізілді, оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен медициналық қызметкерлер кезекшілік етті. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.

- Жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жолаушыларғ абилеттерінің ақысы өайтарылады. Оларға билет кассаларына жолығулары керек, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк тасымалы бөқлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы

Тел: 8/7132/413254

e.mail: infocentre@akto.kz