Ақтөбе облысында халықты медициналық мекемелерге бекіту науқаны өтуде

Бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуде. 2016 жылы нормативтік-құқықтық база жасалып, жұмысын 2018 жылдың 1 қаңтарында бастайтын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, өзге де өзін өзі нәтижелі жұмыспен қамтушылар мен өзін өзі белсенді жұмыспен қамтымағандар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударатын болады. Азаматтардың мынадай 15 санаты әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударудан босатылады. Олар: халықтың әлеуметтік жағынан әлжуаз тобы (12 санат), сонымен қатар, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

- Халықтың өз денсаулығына бей-жай қарамайтындығын атап өту керек. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығы 10% денсаулық сақтау жүйесіне, 50% өмір салтына байланысты. Облыс тұрғындарының денсаулық көрсеткіштерінің әрі қарайғы жақсаруы жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулықты нығайту мәселелері мен қоғамның өмір сүру салтын қалыптастыруға белсенді қатысуда ортақ жауапкершіліктері болған жағдайда ғана мүмкін,-деп атап өтті Әсет Қалиев.

Басқарма басшысы қазіргі таңда Ақтөбе облысында да, республиканың барлық өңірлеріндегідей халықтың медициналық сақтандырылуын анықтау науқаны өтуде. Науқан барысында әрбір тұрғын өзінің мәртебесін анықтап, медициналық мекемелерге бекітілуі тиіс. Сондай-ақ жұмыссыздар да жұмыспен қамту орталықтарында немес ауылдық әкімдікте тіркелулері қажет,-деді Қалиев.

 

«Ақтөбе ақпарат» орталығы