Ақтөбе облысында 120 азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталды

23 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Республикалық «BIZ BIRGEMIZ» онлайн форумына қатысты. Індетпен күресу жолында ерекше қызметтерімен көзге түскен әр-түрлі сала өкілдері де аймақ басшымен бірге ҚР Президентінің бейнеүндеуін тамашалады.

Облыс әкімі ҚР Президентінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 353 Жарлығына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы сондай-ақ, пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы реанимация бөлімінің меңгерушісі Мұрат Аипеиісов, Ақтөбе облысы Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы - бастығының орынбасары Алмат Иманғалиев, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы Есет Қаниев, «Zello Help», «Онко бэби», «Добро», «Zello Поиск» волонтерлық қозғалыстарының жетекшісі Екатерина Голотина т.б азаматтарға «Халық алғысы» медалін табыстады. Оңдасын Оразалин әрбір азаматтың атқарған жұмысына алғыс білдіріп, ұйымшылдықпен ауызбіршіліктің арқасында қиындықтарды бірге жеңуге сенім артты. Айтып өтейік, «Халық алғысы» медалі облыста 120 азаматқа табысталды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі