Ақтөбе облысында "Nur otan"партиясы филиалының партиялық активі өтті

29 қараша, жұма күні  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен  Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қарашада өткен партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездесуінде берген тапсырмаларын талқылауға арналған облыстық "Nur otan"партиясы филиалының  активі өтті.
Жиынға саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары мен фракция жетекшілері, аудандық партия филиалы төрағаларының бірініш орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. 
"Кездесу барысында Елбасы партияның жергілікті жерлердегі жұмысының бірқатар негізгі бағыттарына тоқталды.
Біріншіден, бұл әрбір әкім мен мәслихаттарда фракциялар депутаттарының партиялық жауапкершілігін күшейту, бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылауды күшейту. Одан өзге депутаттардың жұмысын одан әрі жақсарту және барлық мәслихаттардың мәртебесін нығайту жөніндегі шаралар.
Сондай-ақ, Елбасы сапалы партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін ашық ішкі партиялық іріктеу жүргізудің маңыздылығына назар аударып, сайлау алдындағы партиялық тізімдер әрбір мәслихатқа әйелдердің кемінде 30%-ын және 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-ын қамту қажеттігін тапсырды",- деп атап өтті облыс әкімі.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова  Партия  Төрағасымен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша өңірде атқарылатын жұмыс барысын баяндады.
Партияны қайта жандандыру бағдарламасының басым бағыттарының бірі – «ядролық электоратты» шоғырландыру. 
Осы тұрғыдан жуырда ғана Мұғалжар ауданында партияның кадрлық резервіне пилоттық іріктеу жүргізілген. Осы іріктеуге үміткер ретінде қатысқан «Мұғалжар газеті» бастауыш партия тобының жетекшісі  Әнуар Искарин пікірін білдірді.   Ақтөбе облысы  маслихатының хатшысы  Сания  Қалдығұлова халық қалаулылары тарапынан жасалған жұмыстарға тоқталды.
Өңір басшысы партияның саяси  кеңесінің кеңейтілген отырысында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам»   атты партияны қайта жандандыру бағдарламасы іске  қосылғанын  жеткізді.
" Партиялық ішкі праймеризді түсіндіру және дайындық жұмыстарын жүргізу, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын, «Nur Otan» партиясының қайта жандандыру жұмыстарының нәтижелерін түсіндіру бойынша жүйелі ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырып, нақты жергілікті мәселелерді есепке ала отырып, сайлауалды  бағдарламаның  жобасын  әзірлеу,2020-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет көрсеткіштерін салалық бөліністе қамти отырып, партия активтеріне жеткізу және оның орындалуына партиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді  тапсырамын",-деді  облыс әкімі Оңдасын Оразалин
Жиын соңында аймақ басшысы партия қатарына  қабылданған 10 азаматқа партия билетін салатанатты түрде табыстап, "Үздік бастауыш партия ұйымы" республикалық байқауының облыстық кезеңінің 8 жеңімпазын, 4 партия ардагерін алғыс хаттармен және  Елбасының "Құрыш тұлға" кітабымен марапаттады.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі