Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев жұмыс сапарымен Мәртөк ауданында болды

Все рабочие поездки акима
Сейсенбі, 29 қыркүйек, 2015

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудандарға жұмыс сапары жалғасуда. Кеше, облыс басшысы мәртөк ауданында болып, елді-мекендер мен өңір орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Аудандағы мал шаруашылығы және кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысымен танысты. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тұрмыстық жағдайларын білді. Аудан орталығында өткен жиын барысында мәртөктіктердің түрлі сауалдарына жауап беріп, аудан басшылығына мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін кеңінен пайдалану арқылы жұмыс орындарын құруды тапсырды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Жуырда 80 жылдығын атап өткен Мәртөк ауданын облыс әкімі елді-мекендерді аралаудан бастады. Алдымен, Сарыжар селолық округінің Хлебодар ауылындағы орта мектепте болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Мыңнан астам оқушысы бар білім ұясы қажетті жабдықтармен қамтылған. 170-тен астам мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған шағын орталық та жұмыс істейді. Облыс әкімі мұнда, оқу бағдарламасымен танысып, бірнеше сыныпта болды.

Ауылдағы өзге де әлеуметтік нысандар облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. 63 бала тәрбиелеп отырған жергілікті балабақша мен 2014 жылы пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияны аралады. Медициналық мекеме аудандағы үш жаңа нысанның бірі. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған амбулатория күніне 40 адамға дейін қабылдап, қызмет көрсете алады. Дәрігерлері мен медбикелері де жеткілікті. Ауданның Жайсаң ауылына барған облыс әкімі алдымен, мұндағы арнайы білім беру ұйымында болды. 100-ден астам тәрбиеленушісі бар мемкеме, мемлекеттік және  түрлі ұйымдардың қолдауына ие. Бұдан өзге, "Шапағат" балабақшасын барып көрді. Жергілікті клубта ауыл тұрғындарымен кездесті. 

Облыс әкімі Ресеймен шектесетін аумақтағы кеден бекетіндегі жұмыспен танысты. Күніне жүздеген көліктерді өткізіп рәсімдейтін бекетте соңғы жылдары жұмыс қыза түскен. Облыс басшысы, жолаушылармен де сөйлесіп, өзекті мәселелерін білді. Ал, кеден аумағындағы сақтандыру компанияларының жұмысын бақылау жөнінде аудан басшылығына тапсырма берді.

Ал, аудан көлемінде орналасқан "АЙС" ЖШС-нің сүт фермасында болған облыс әкімі, шаруашылықта болып аралап көрді. Германия және Бельгиядан әкелінген голштейн фриз тұқымды сүтті сиырлардың әрқайсысы күніне 20-25 литрден сүт береді. Қазір мұнда 1800 бас мал бар. Оның 800-і сауынды сиыр. Мұндағы мамандардың айтуынша, қазір тәулігіне 20 тоннаға дейін сүт алынып отыр.

Мына шөп түұрлері осы малдарға арналған. Құнарлы. Біз бұны өзіміз егеміз. Сүттің құнарлы болуына да септігі мол. Бүгінде сүт өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарып, тұтынушыларға ұсынып отырған отандық тауар өндіруші, облыс әкіміне алдағы жоспарларын да айтып берді. Серіктестік келешекте, дәл осы маңда тағы бір сүт фермасын ашуды жоспарлап отыр.

 

- 1280 бас сауынды сиырларға арналған сүт фермасын салуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін суармалы жерлердің де аумағы үлкейетін болады. Сол кезде, сүт өнімдерінің түрлері де көбейетін болады. Дайын өнімнің 50 пайызын Ресейге экспорттайтын боламыз. Жобаның жалпы құны 9 млрд теңгені құрайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, серіктестіктің мұндай жоспарларын құптайтынын айтты. Сондай-ақ, жұмыс орындарын көбейтуді де назарда ұстау керек деді. Ал, әзірге сүт өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарып отырған шаруашылық басшылығына, оның саны көбейту туралы ойналу қажеттігін айтты.

Было принято вопросов: