Ақтөбе облысының әкімі мәжіліс депутаттарының алдында Шалқар көлінің түбін тазарту мәселесін көтерді

27 ақпан, бейсенбі  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет депутаттарымен кездесті. Көшпелі отырысқа  комитет төрағасы  Глеб Щегельский, комитет хатшылары  Артур Платонов, Құралай Каракен,  Дархан Мыңбай, Ольга Шишигина, Геннадий Шиповских т.б, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, , Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қатысты. «Ақтөбе облысы - өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Жыл сайын халық саны өсуде, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін индустрияның әртүрлі салаларының  металлургия, химия, құрылыс, тамақ кәсіпорындары  қарқынды жұмыс істеуде. Сондықтан да басқосуда талқыланатын қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесіндегі жаңа тәсілдер де біздің өңір үшін өзекті болып табылады»-деп атап өтті аймақ басшысы.Облыс әкімі депутаттардың қолдауымен  бірқатар экологиялық мәселелердің  оңды шешім тапқанына  алғыс білдірді.   Алға қаласындағы бұрынғы химия зауытының қалдықтарын жою, ол жобаны республикалық бюджеттен қаржыландыруға қолдау көрсетілген. Өңір басшысы сонымен қатар облыстағы  бірнеше экологиялық проблемаларды  көтерді.  Көкжиде кен орнындағы ультрапрессті жерасты суларын сақтау. Көкжиде жер асты суларының жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушылардан тәуелсіз бірыңғай ұлттық операторды анықтауды, Көкжиде құмында көмірсутек шикізатын барлау және өндіру бойынша бірыңғай ережелерді әзірлеу , Шалқар көлінің түбін тазарту сынды бірқатар мәселелрдің барын айтты.  Айтып өтейік, к өлдің түбінде қалыңдығы 1,2 м дейін тұнба қабаты жиналған. Су пайдаланушылар саны 20-дан 6-ға дейін төмендеген.
ҚР Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет  төрағасы, Глеб Щегельский Ақтөбенің  табиғи байлықтарға  аса бай өңір екенін айта отырып,  экологиялық  жағдайы да  назардан тыс қалмайтындығын  жеткізді.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі