Ақтөбе облысының әкімі Хромтау ауданына іс сапармен барды

Жұма, 19-шілде күні, облыс әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау ауданы Дөң ауылында  түркиялық «Yilmaden Holding» компаниясының бас директоры Альп Малазгиртпен кездесті. Кездесу барысында Альп Малазгирт облыс басшысына компанияның алдағы жоспарларымен бөлісіп, әріптестікті одан әрі нығайтқысы келетін ниетін жеткізді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген  қолдауларға алғысын білдіріп, жұмыс көлемін одан әрі ұлғайтқысы келетінін айтты. Оңдасын Оразалин ең алдымен жергілікті азаматтардың жұмысқа тартылуын, олардың қауіпсіздік мәселесі басты назарда болатынын тағы бір еске салды.
Одан соң, облыс әкімінің қатысуымен «Восход» компаниялар тобының
15 жылдық мерей тойына арналған салтанатты  шара өтті. Өңір басшысы  «Восход - Oriel» ЖШС ұжымының қызметкерлерін металлургтер күнімен және компанияның 15 жылдық мерей тойымен құттықтады.
«Хром кенін өндіруге қосқан үлестеріңіз үшін алғысым шексіз.Хром концентраттарын өндіру еліміздің ішкі нарығында да шетелдік тұтынушылар арасында да  сұранысқа ие»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Салтанатты шарада осы салаға еңбегі сіңген 8 азаматқа облыс әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Кәсіпорын жыл сайын технологиялық қайта жабдықтауды жүзеге асырады. Мәселен, соңғы 2 жылда негізгі капиталға салынған инвестиция шамамен 10 млрд. теңгені құраған, оның 2,5 млрд. теңгесі өндірістерді жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған.
Yildirim group құрылтай компаниясына  Восход-Oriel», «Восход-Хром» ЖШС-гі кіреді. Кешенде кеніш байыту фабрикасы, темір жол терминалы және басқа да қосалқы инфрақұрылымдық бөлімшелер енгізілген.
Облыс әкімі «Восход - Oriel» ЖШС Шахталық суларды тазарту құрылғысын көрді. Өндірісте Түркияның "Кetmak" тау-кен металлургиялық жабдығы қолданылады. Шахталық су ауыз су деңгейіне дейін тазартылып, рельефке түскен кезде экологияға теріс әсер етпейді. Тазартылған судың бір бөлігі кәсіпорынның ішкі қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Оңдасын Оразалин Абай ауылындағы  «Ақжар-Агро» ЖШС егін шаруа қожалығының жұмысын көрді.  Егіншілікті қолға алған  кәсіпкер Қайрат Түлепбергенов 2000 жылдан бері  түрлі  дәнді дақылдар егумен айналысып келеді. Биыл жалпы 13 мың 207 га  жерге мақсары, қатты, жұмсақ бидай түрлерін,күнбағыс,судан шөбін еккен. Биыл жобамен 5000 тонна жұмсақ бидай өнімін алуды жоспарлап отыр. Жиналған өнім облыстан өзге  Иран, Түркия, Әзірбайжан елдеріне экспортталады.Кәсіпкер мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға алғысы шексіз.
Аймақ басшысы сонымен қатар, «Жантизер» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықта  ақбас сиыр саны-3700, жылқы-955, қой-1450 құрайды. Ақтөбе облысынан өзге ет өнімін биыл алғаш рет  Иран, Ресей еліне экспорттауды бастады. Шаруа қожалық кешенінде   3000 басқа арналған ІҚМ бордақылау алаңы бар.
Облыс әкімі Хромтау ауданына жасаған жұмыс сапарында  аудан басшысы Нағымжан Алдияровқа халықтың   әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі жақсартуды, мемлекеттік бағдарламалар арқылы  кәсіпкерлікті дамытып, инвестиция тарту көлемін арттыруды  тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі