Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызмет саласы туралы ақпарат

 2014 жылы Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымында қаржы полициясы, салық және кеден қызметтерін біріктіргеннен кейін әр бағыт бөлек блок ретінде ұсынылды, соның ішінде құқық қорғау блогы  Экономикалық тергеу қызметі деп аталды.

2019 жылғы наурыз айынаң бастап Экономикалық тергеу қызметі қайта ұйымдарылған және Департаментқа ауыстырылған, бүгінгі күніне жаңа атауы Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің құзыретіне экономика саласындағы құқық бұзұшылықтарды және қылмыстардың алдын алу, анықтау және тергеу кіреді. 

Осы қызметтің орындайтын тапсырмалары біршама күрделене түсті, бүгінгі күні қылмыс бір орында тұрған жоқ. Қызметкерлер мемлекет пен қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін күнделікті міндеттерін сәтті шешіп отырады. Қазіргі уақытта біздің облыста экономикалық қылмыстармен шамамен 100 қызметкер күреседі. Олардың басты міндеттері қысқа мерзімде қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу болып табылады.

Экономикалық тергеу қызметінің қалыптасу тарихы мемлекет  тарихымен, Экономикалық тергеу қызметінің, Қазақстанның қаржы полициясының, кеден қызметінің қалыптасу және даму тарихымен, өз өмірін заңға және өз халқына жанқиярлық адал қызмет етуге арнаған адамдардың тағдырымен тығыз байланысты. Елдегі тұрақтылық пен халық бірлігі арқасында экономика өсіп келе жатыр, азаматтардың әл-ауқаты жақсарды.

Дегенмен, дағдарыстық құбылыстардың салдарынан, әлеуметтік және рухани саладағы кемшіліктерде, тәрбие жұмысындағы қателіктердің немесе адамдардың бюрократикалық қатынастары салдарынан әлі де экономикалық қылмыстар орын алуда. Аса маңызды қылмыстар кредиттік және банк секторында жасалуда, шикізат пен дайын өнімді ұрлау және шетелге заңсыз шығару, заңсыз кәсіпкерлік қызмет, алаяқтық, жалған ақша жасау және тұтынушыларды алдау фактілері де кең таралған.

Экономикалық тергеу қызметкерлері күнделікті қылмыстық қол сұғушылықтан мүліктің барлық түрлерін қорғауға бағытталған алдын алу  және жедел-іздестіру іс-шараларын үнемі жүргізеді.