Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушысы

 Руслан Асқарұлы Кудешев 1974 жылғы 7 тамызда Павлодар облысы Железинский ауданы Озерный ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар облысы Павлодар қаласының Илличевский ауданы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің тергеу бөлімшесінің кіші тергеушісі лауазымында бастаған.

1996 -1997 жылдар аралығында Павлодар облысы Павлодар қаласының Илличевский ауданы бойынша МТК бөлімінің тергеу бөлімшесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.

1997 – 2006 жылдар аралығында Павлодар облысы Павлодар қаласының ІІБ әртүрлі орта және басшылық лауазымдарында жұмыс жасаған.

2006 – 2012 жылдар аралығында ҚР ІІМ тергеу комитетінің басшылық лауазымдарында  және көліктегі ішкі істер департаментінің басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2012 жылғы мамыр және 2014 жылғы қараша аралығында ҚР қаржы полициясы органдарында Қарағанды және Шағыс-Қазақстан облысы бойынша ЭСЖҚД бастығының бірінші орынбасары лауазымында қызмет еткен.

2014 жылғы қараша 2018 жылғы ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы, басшысының орынбасары лауазымдарында жұмыс жасаған.

2018 жылғы ақпан – сәуір аралығында Оңтүстік-Қазақстан облысы МКД басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасады.

2018 жылғы 28 сәуірінен бастап – 2019 жылғы 12 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (экономикалық тергеу қызметіне жетекші) лауазымында қызмет атқарған.

2019 жылғы 18 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының бұйрығымен Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының міңдетін атқарушысы лауазымына тағайындалды.

Үйленген, 2 бала тәрбиелеуде.