Ақтөбе облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды

 Дүйсенбі, 24-маусым, күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин екі бірдей орынбасарын және ақпараттандыру және сыртқы  байланыстар басқармасының жаңа басшысын таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігімен келісе отырып, аймақ басшысының бұйрығымен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Сыдықов Рахат Мәжитұлы тағайындалды.

Рахат  Сыдықов 1962 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған.
Еңбек  жолын 1986-1988 жж Ақтөбе газ өндіру қауымдастығында аға инженер болудан бастаған.
2002-2013 жж Шалқар ауданы әкімі қызметін атқарған.

2013-2018 жж Қарғалы ауданы әкімі лауазымын атқарып келді.

2018-2019 жж Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы болды.
Келесі жаңа лауазымға Аманғали Бейсенбайұлы  Бердалин тағайындалды.

Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында туған.

Еңбек жолын 1981 жылдан Әйтеке би ауданында совхоз құрылысшысы болудан бастаған.

2011-2012 жылдары Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары.

2012-2016 жж Әйтеке би ауданының әкімі.

2016-2019 жж Хромтау ауданы әкімі лауазымдарын атқарды.
Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшылығына  Беккер  Сергей Геннадьевич тағайындалды.

Сергей Беккер 1972 жылы БҚО  туған. Еңбек жолын 1995-1996 жылдары бастаған.

2017-2018 жж Президенттің «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қауіпсіздік және ішкі мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2018-2019 жж  «Қорғас» АҚ стратегиялық даму, ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Облыс әкімі жаңа тағайындалған азаматтардың  жұмысына сәттілік тіледі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі