Ақтөбе облысы әкімдігінен ASHYQ AKIMDIK кеңсесі ашылды

6 наурыз,жұма  Ақтөбе облысының әкімдігінен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  аясында облыс әкімдігінен ASHYQ AKIMDIK кеңсесі  пайдалануға берілді.
Кеңсенің ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Ақтөбе облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов және басқарма басшылары  қатысты.
Кеңсенің ашылуы ең алдымен  тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға арналған алаң болатынын айтқан аймақ басшысы, қабылдау күндерінің кестесін түзу қажеттігін тапсыры.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында  халықпен тиімді кері байланыс орнату, қоғамдық диалог, ашықтық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады, деген болатын, осы мақсатта  ашылған кеңсе ақтөбеліктердің  мәселесін тыңдап, оның шешілуіне бірден-бір жағдай жасалады деген сенімдеміз»,-деді облыс әкімі.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі