Балабақшаға баланың баруына төленетін ай сайынғы төлемақысы қалай есептеледі?

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген) 14, 15, 16 тармақтарына сәйкес мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшiн ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшерi баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді. Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған санаториялық бөбекжайларда, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағу тегін негізде ұсынылады. Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану жиілігі, қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсету деңгейі және ұсыну мерзімі, мектепке дейінгі ұйымда баланы күтіп-бағу ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер және өзге де шарттар айқындалады.

Қосылды: 
10.08.2016 - 10:59
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 10:59