Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 80 жаста

Бүгін облыс басшысы Оңдасын Оразалин ғалым, қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының шаңырағында болып, 80 жасқа толған мерей тойымен құттықтады.

Аймақ басшысы ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы талай жылдар ұстаздық салада еңбек етті. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, 100-ден астам ғылыми мақалалардың, 5 монографияның авторы. Этносаясат, этноәлеумет және дінтану саласында қалам тербеген. Президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІІ дәрежедегі «Барыс» орденімен марапатталған.

ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Амангелді Айталы қуанышына ортақтасқан өңір басшысына алғыс білдірді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі