Бердібек Сапарбаев «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қарап шықты

        Сенбі, 26 қаңтарда, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралап, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.   

«Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында төрт 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді. 855 пәтер таза әрлеу күйінде 3-ші класты жайлылықпен ұсынылады. Бір шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін өзгереді. «Нұрлыжер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша биік ғимаратты тұрғын үйді іске қосу жұмысыменекінші деңгейлі сегіз банк айналысады.

Облыс басшысы құрылыс компанияларының басшыларымен және екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесіп, оларды мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын белсенді іске асыруға шақырды.

Ақтөбе облысында азаматтардың жекелеген санаттары үшін облыста «7-20-25» бағдарламасының бастапқы жарнасы екі есеге азайғанын атап өту керек. Аймақ әкімдігі жергілікті бюджеттен жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне арналған бастапқы жарнаның 10%-ын субсидиялау туралы шешім қабылдады.

Содан кейін аймақ басшысы «Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолы» автожолының қайта құру барысымен танысты. Жобаның құны - 7,5 млрд. теңге. Автожолдың ұзындығы 13,8 км. Осы кезеңде аралық және жағалау тіректерін орналастыру жұмыстары аяқталды.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жоғары сапалы құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Жалпы, жаңа магистраль облыс орталығының айналасындағы транзиттік көлік құралдарының жүруін қамтамасыз етуге және республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» жолынан «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» трассасы бойынша халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізіне шығуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, облыс әкімі баскетбол бойынша «Ақтөбе мектеп лигасының» жабылу салтанатына қатысты. Қорытынды ойындар 7-9 сынып оқушылары арасында «Қоныс» спорт сарайында өтті. «Мектеп лигасы» өткен жылы желтоқсан айында баскетбол, футбол, гандбол, волейбол, шахмат және жеңіл атлетика спорт түрлерінен басталды.Тұтастай алғанда, жалпы 15 мыңнан астам оқушы қамтылды.

«Мектеп лигасы - бұл шын мәнінде Қазақстан аумағында жаңа жоба болып табылады және бірінші іске қосу біздің қаламыздан Жастар жылы басталды. Аймақта заманауи спорт нысандары белсенді салынуда. Мұның бәрі Сіздердің денсаулықтарыңыз үшін. Сіздердің жетістіктеріңіз бен жеңістеріңіз көбейсін», - деді Бердібек Сапарбаев жас спорт жанкүйерлеріне.

Сонымен қатар, аймақ басшысы №6 қалалық емхананың сандық технологияны енгізу жұмысымен танысты. Бұл жерде «Даму мед» Инновациялық қызметі қағаз құжат айналысын тоқтату және медициналық қызметкерлер мен пациенттердің уақытын үнемдеуге арналған мобильдік қосымшасының жұмысы таныстырылды. Оның көмегімен үйде дәрігерге қоңырау шалуға болады, мамандарды қабылдау кестесін білуге болады. Жоба «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Медициналық мекемеде кезекті электронды басқару жүйесі жұмыс істейді. Жаңашыл Инновациялар пациенттердің күту уақытын 50-60 минуттан 15-20 минутқа дейін қысқартты. №6 қалалық емханада 34 мың адам, оның ішінде 7 мың бала, 1 мың жасөспірімге қызмет көрсетіледі.

Аймақ басшысы сандық технологияны енгізу арқылы қаланың барлық емханаларының жұмысын оңтайландыруды тапсырды.

«Қағазсыз медицина жасау қажет және дәрігерлерге ұзақ кезек болмауы керек, пациенттердің күту уақытын мүмкіндігінше қысқарту қажет. Бірақ тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасына да назар аударуды ұмытпаңыздар », - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі