Дене шынықтыру және спорт

Қосылды: 
04.08.2016 - 11:12
Соңғы өзгерiстер: 
04.08.2016 - 11:18

Қазіргі күні облысымызда 28 БЖСМ жұмыс жасайды, оның ішінде 5 БЖСМ «мамандандырылған» атына ие, Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернаты, олимпиада резервін даярлау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі және «Намыс» кәсіпқой спорт клубтарында тұрақты түрде спортпен шұғылданады.        БЖСМ-17542 спортшы

Спорт интернатында – 220 спортшы

ОРДО – 74 спортшы

ЖСШМ – 203 спортшы

312 ақтөбелік спортшылар Қазақстанның ұлттық құрамасына мүше (оның 118 олимпиадалық спорт түрлерінен және 194 олимпиадалық емес спорт түрінен).

Волейбол, қол добы, жүзу, үстел теннисі, ауыр атлетика, футбол, грек-рим күресі, еркін, әйелдер күресі, бокс, таэквандо, дзюдо, каратэ-до облыстағы танымал олимпиадалық спорт түрлері болып табылады. Семсерлесу, шорт-трек, гимнастика, мәнерлеп сырғанау секілді спорт  түрлерінен шұғылданушалар саны жыл санап артып келеді. Маңызды көрсеткіштердің бірі спортшыларымыздың жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалу болып табылады.

28 қаңтар және 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға коньки тебуден халықаралық спорт шебері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4-курс студенті Сизова Мария қатысатын болады. Сизова Мария 800м, 1500м, 3000м. арақашықтықтарда өнер көрсететін болады.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жетістіктер

Көрсеткіш

Спорттық жетістік

1

Харки Фархад Ибрагимович – Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері

XXXI Жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері  (Рио-де-Жанейро 2016жыл)

 

(2018 – Азия ойындарына,  Токио – 2020 XXXII Жазғы олимпиада ойындарына) Үміткерлер

1. Санаев Нурислам – еркін күрестен ХД СШ

2. Жаксылыков Бек – еркін күрестен ҚР СШ

3. Бультриков Думан - еркін күрестен ҚР СШ

4. Ибраев Рустам – дзюдодан ҚР ЕССШ

5. Айнагулов Мейрамбек – грек-рим күресінен ХД СШ

6. Жунусова Мереке –таэквондодан ХД СШ

7. Камзенов Айбек – жүзуден ХД СШ

8. Камзенов Алибек - жүзуден ХД СШ

9. Сабыр Алмат – жүзуден ҚР СШ

10. Сейтжанов Рай –бокстан ҚР СШ

11. Назарова Диана – жүзуден ХД СШ

Қосылды: 
09.08.2016 - 07:10
Соңғы өзгерiстер: 
17.02.2017 - 04:56