Дене шынықтыру және спорт

Қосылды: 
04.08.2016 - 11:12
Соңғы өзгерiстер: 
04.08.2016 - 11:18

2017 жылғы міндеттері:

- мемлекеттік-жеке әріптестік аясында 2017 жылы жобасын іске асыруды қамтамасыз ету:

Мұз сарайының құрылысы  Ақтөбе қаласы Батыс-2 ш.ауд.

Қуаты: халықаралық стандарттар бойынша 2 мұз айдыны, 3 000 орындық.

Әлеуметтік жобаның ықпалы: балалар мен жасөспірімдер үшін мұз айдынын күндізгі уақытта тегін жалдау, хоккеймен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын арттырып, мұз айдынын мәнерлеп сырғанаумен қатар басқа да спорт түрлері үшін пайдалануға беру. Халықаралық дәрежедегі спортшыларды қысқы спорт түрлері бойынша дайындау. Жаңа жұмыс орындары – 120 адамға дейін.

 

Мәртөк  ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 160 көрермен орынға арналған

"Мәртөк ауылында жай-күйі қанағаттанарлық емес 80 адамға арналған БЖСМ бар. Бүгінгі таңда Мәртөк ауылында заманауи спорт кешендері орналаспаған. Мектеп жасындағы балалар саны 500-ге жуық.

Сондай-ақ,Әйтеке би ауданы Комсомол ауылында дене шынықтыру-сауықтыру  кешенін салу жоспарлануда.

 

Ақтөбе қаласындағы жабық хоккей модулінің құрылысы

Хоккей модулі Ақтөбе қаласындағы хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау секілді қысқы спорт түрлерін дамытуға ықпал етеді. Осы обьектінің қолданысқа енгізілуі 300-ден астам балалар мен жасөспірімдер, жастарға олардың тұрғылықты жерінде қысқы спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысуға, спортшылар дайындауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз етуге, жастар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Жабық хоккей модулінің ғимараты тік бұрышты екі қабатты. Жалпы мөлшері 36,0 х 78,0 м. Ғимараттың биіктігі 10,66 м. Бірінші қабаттың биіктігі – 3,0 м. Екінші қабатының биіктігі - 3,9 м.

Хоккей модулінің ғимараты оқушыларға жаттығу процесіне арналған, көрсетілімдік орындаулар мен көрермендер үшін трибуналар қарастырылмайды.

 

КММ " Есет батыр атындағы Ақтөбе облыстық мамандандырылған көпсалалы лицей-интернатына" 

арналған ангарлық типтегі спорт зал және стадион құрылысы

Лицей-интернат аумағы – 7,3097 га, онда әкімшілік-оқу ғимараты орналасқан жалпы алаңы – 3846,8 ш. м., 5 қабатты жатақхана – 4700,1 ш. м. Сондай-ақ, лицей-интернат аумағында қазандық, монша, қойма, гараж және бақылау пункті орналасқан. Қазіргі күні мектеп-интернаттағы спорт зал алаңының жалпы ауданы 305,2 шаршы метр құрайды және спорттың 4 түрі бойынша сабақтарды күн сайын бір уақытта өткізу толыққанды білім алуға  кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, Есет-Батыр атындағы лицей-интернатында ойын спорт түрлерімен айналысу үшін стадион қарастырылмаған.

Қосылды: 
09.08.2016 - 07:25
Соңғы өзгерiстер: 
17.02.2017 - 05:05