Жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарға жер телімінің орнына жалдамалы пәтер берілетіндігі рас па?

ҚР әрекет етуші Заңнамасына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрған азаматтарға жер телімінің орнына жалдамалы пәтер беру қарастырылмаған. ҚР «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлінеді. Аталған заңның 74 бап 1 және 3 тармақтарына сәйкес,барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап кезекке сәйкес мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарға беріледі.

Қосылды: 
10.08.2016 - 06:44
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 06:44