Инфрақұрылымдық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама "Нұрлы жол" 2015 - 2019 жылдарға арналған

 

 

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын және «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы

 

 

ҚР Премьер-Министрі және Ақтөбе облысының әкімі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2019 жылға арналған жоспар 939,5 мың шаршы метрді құрайды.

2019 жылғы қаңтар-наурыз айларының ішінде 151,3 мың.шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға енгізілді немесе 2018 жылға 102,3% құрады.

Барлығы 919 пәтер, оның ішінде 592 жеке тұрғын үйлер іске қосылды. Есептік кезеңде тұрғын үй құрылысына 8,5 млрд.теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу келесідей бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының есебінен жоспарлануда:

- 64,2 мың шаршы метр «Бәйтерек Девелопмент» АҚ  арқылы ЖАО құнды қағаздарын шығару жолымен кредиттік тұрғын үйлер немесе 1191 пәтер (бұл "Нұр Ақтөбе" т/массивіндегі  3-4 қабатты тұрғын үйлер);

-58,6 мың шаршы метр қайтарымды қаражаттар есебінен кредиттік тұрғын үйлер немесе 1187 пәтер (Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» ауданындағы алты 9 қабатты тұрғын үйлер);

- 24,0 мың шаршы метр Ақтөбе ӘКК арқылы кредиттік тұрғын үйлер немесе 305 пәтер ( бұл «Батыс-2» ауданындағы екі 5-қабатты тұрғын үйлер);

-47,9 мың шаршы метр РБ есебінен сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үйлер немесе 728 пәтер ( бұл Ақтөбе қаласы және Алға, Байғанин, Мұғалжар, Қобда,Хромтау, Мәртөк, Темір және Шалқар аудандарындағы 1,4,5,9 қабатты тұрғын үйлер);

- 5,0 мың шаршы метр ЖБ есебінен жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер немесе 60 пәтер (бұл облыстың Қобда, Мұғалжар, және Ойыл аудандарындағы 1,2,8 пәтерлі тұрғын үйлер);

- 309,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй немесе 3200 пәтер (бұл «СК Актобе» ЖШС, «Нектар» ӨК, «Заводсветотехника» ЖШС, «Инвесткомплекс» ЖШС, «Эдельвейс» ЖШС, «Сконур» ЖШС, «Сафина» ТҮҚК, , «Керемет уй» ТҮҚК, «Квартира 04» ТҮҚК, «СМП Групп» ЖШС және т.б. құрылыс салушылардың "Батыс" т/массивіндегі КПТҮ)

- 430,5 мың м2 жеке тұрғын үйлер немесе 3027 пәтер.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 6418,3 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 5042,8 млн.теңге, жергілікті бюджеттен – 1375,4 млн.теңге. Бұл қаражатқа 369,3 км инженерлік желілер тарту көзделген.

 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2019 жылғы 26 сәуір тұрғысында "7-20-25" бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктермен 5,4 млрд.теңге сомасына ипотекалық тұрғын үй заемын алуға 650 өтінім қабылданды, оның ішінде 3,0 млрд.теңге сомасына 352 өтінім мақұлданды.

Ағымдағы жылы "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша бірыңғай іс-шаралар жоспары бекітілді.

Керуен-сити, Экспо, «Нұр Отан», «Драма театры» ғимараттарында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірмелік промо-акциялар өткізілуде.

14.09.2018ж. Ақтөбе облысының әкімдігі "Баспана Ипотекалық ұйымы" АҚ-мен Ақтөбе облысында таяудағы жылдары 800,0 мың шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үйлерді салу, 20% алғашқы жарнаны төмендету жөнінде ниеттестік туралы Меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі бағдарламаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметшілерді,  құқық қорғау органы қызметкерлерін қолдау мақсатында 2,0 млрд.теңге мөлшерінде қаражат бөлінуі және алдын-ала төлемді 10%-ға төмендету жоспарланып жатыр.

Тұрғын үй сертификаттарын берудің бірыңғай Қағидасы ҚР Үкіметімен бекітілген соң, Ақтөбе облысы әкімдігі тарапынан тұрғын үй сертификаттарын ұсыну жұмыстары атқарылатын болады.

 

Қосылды: 
17.08.2016 - 12:08
Соңғы өзгерiстер: 
20.05.2019 - 07:35
ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon Программа Нурлы жол.doc802.5 KB