Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қалай тұруға болады?

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №162 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттеріне сәйкес жүргізіледі. Баланы кезекке қою «Электронды Үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

               

Қосылды: 
10.08.2016 - 10:31
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 10:31