Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес 2019-2020 оқу жылына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары үшін жоғары білімі бар мамандар даярлауға 180 орынға грант тағайындалды.
Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2019-2020 оқу жылына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 180 білім беру гранты бөлінді: педагогикалық ғылымдар – 139, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 41.
Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып бөлінді.
Аталған гранттарды тағайындау Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссияның алғашқы отырысында өңірге қажет, сұранысқа ие мамандықтар анықталды.
Бүгінгі отырыста Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары үшін бөлінген 180 орынға 7 жоғары оқу орны түсті. Комиссия отырысы барысында ЖОО тапсырған құжаттар негізінде белгілі критерийлер бойынша (кадрлар әлеуеті, оқулықтар қоры, жатақхананың болуы, ғылыми жетістіктері, түлектердің жұмыспен қамтылу пайызы, ЖОО-ның рейтингісі) жоғары оқу орындары анықталды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары үшін бөлінген 180 грантқа төмендегі жоғары оқу орындары белгіленді:
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті- 126 грант;
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті- 1;
- С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті- 15 грант;
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті – 11;
- Баишев университеті – 24 грант;
- Қазақ-орыс халықаралық университет – 3 грант.
Анықталған жоғары оқу орындарының тізімі bilim.aktobe.gov.kz. ресми интернет-ресурсына жарияланды.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 5 – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті) қабылдау комиссиясында қабылданады.
Білім беру саласының коды және атауы |
Даярлау бағытының коды және атауы |
Білім бағдарламалар тобының коды |
Білім бағдарламалар тобының атауы |
Грант саны |
|
|
Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті |
|
|||
6B01 Педагогикалық ғылымдар |
6В012 |
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
В002 |
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
3 |
6В014 |
Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау |
В005 |
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау |
7 |
|
В006 |
Музыка пәні мұғалімдерін даярлау |
2 |
|||
В007 |
Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау |
2 |
|||
6В015 |
Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
В009 |
Математика пәні мұғалімдерін даярлау |
27 |
|
В010 |
Физика пәні мұғалімдерін даярлау |
12 |
|||
В011 |
Информатика пәні мұғалімдерін даярлау |
6 |
|||
В012 |
Химия пәні мұғалімдерін даярлау |
9 |
|||
В013 |
Биология пәні мұғалімдерін даярлау |
9 |
|||
В014 |
География пәні мұғалімдерін даярлау |
5 |
|||
6В017 |
Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
В016 |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау |
10 |
|
В017 |
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау |
12 |
|||
В018 |
Шетел тілдері пәні мұғалімдерін даярлау |
14 |
|||
6В019 |
Арнайы педагогика мамандарын даярлау |
В020 |
Арнайы педагогика мамандарын даярлау |
6 |
|
6B07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B072 |
Өндірістік және өңдеу салалары |
В070 |
Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдар |
1 |
В071 |
Тау кен ісі |
1 |
|||
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
126 |
|
Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
|
|||
6B07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B071 |
Инженерия және инженерлік іс |
В063 |
Электротехника және автоматтандыру |
1 |
6B075 |
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
В076 |
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
2 |
|
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6B082 |
Мал шаруашылығы |
В078 |
Мал шаруашылығы |
5 |
6B083 |
Орман шаруашылығы |
В079 |
Орман шаруашылығы |
2 |
|
6B086 |
Су ресурстары және суды пайдалану |
В082 |
Су ресурстары және суды пайдалану |
1 |
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
11 |
|
С.Сейфуллин ат. қазақ агротехникалық университеті |
|
|||
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B062 |
Телекоммуникациялар |
В059 |
Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
5 |
6B07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B071 |
Инженерия және инженерлік іс |
В065 |
Автокөлік құралдары |
1 |
6B072 |
Өндірістік және өңдеу салалары |
В068 |
Азық-түлік өнімдерін өндіру |
1 |
|
6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6B081 |
Агрономия |
В077 |
Өсімдік шаруашылығы |
6 |
6B085 |
Жерге орналастыру |
В081 |
Жерге орналастыру |
2 |
|
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
15 |
|
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті |
|
|||
6B07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B071 |
Инженерия және инженерлік іс |
В062 |
Электротехника және энергетика |
1 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
1 |
|
Қазақ-орыс халықаралық университет |
|
|||
6B01 Педагогикалық ғылымдар |
6В018 |
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі мамандарын даярлау |
В019 |
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандар даярлау |
3 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
3 |
|
Баишев университет |
|
|||
6B01 Педагогикалық ғылымдар |
6B011 |
Педагогика және психология |
В001 |
Педагогика және психология |
7 |
6В013 |
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді дайындау |
В003 |
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
10 |
|
6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B061 |
Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар |
В057 |
Ақпараттық технологиялар |
5 |
6B07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B073 |
Сәулет және құрылыс |
В074 |
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
2 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
|
|
24 |
БАРЛЫҒЫ |
180 |