Облыс әкімінің гранты конкурсын өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурс мәні:

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 6В09 Ветеринария, 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 6R07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 7R09 Денсаулық сақтау (медицина, резидентура) жергілікті бюджет қаражаты есебінен.

Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлінетін болады.

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының білім  басқармасы

Пошталық мекенжайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №548 кабинет

Байланыс телефондары: 8 (71-32) 56-04-61, 56-44-21

 

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (2016 жылы 9 наурызда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №13418 тіркелген) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы №231 (2018 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №17038 тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бұйрығына сәйкес өткізіледі.

 

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (5-қосымша)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша)

3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7,8 -қосымша).

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Электрондық нұсқасын g.kalieva_88@mail.ru электронды мекенжайына жолдау қажет.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конверттерде мына мекенжайға жіберіледі: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №548 кабинет

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 26-30 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін.

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

                                                       (жергілікті бюджет есебінен)

 Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі -  "Ақтөбе облысының білім басқармасы "ММ»

 

р/н

Білім беру саласының коды және атауы

Даярлау бағытының коды және атауы

2019-2020 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі (жылпы)

білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Білім беру бағдарламасы

2019-2020 оқу жылына бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі

1

6В09 Ветеринария

6В091

  Ветеринария

11

В083

  Ветеринария

Ветеринарлық медицина

11

2

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021

Өнер

8

В027

Театр өнері

Актерлік өнер

2

 

 

Режиссура

2

В024

Музыкатану және өнертану

Музыкатану

2

В030

Бейнелеу өнері

Сценография

1

В031

Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн

Дизайн

1

6В022

Гуманитарлық ғылымдар

9

В033

Дін және теология

Теология

5

Исламтану

4

3

6B07Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6В073

Сәулет және құрылыс

4

В074

Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс

Көлік құрылысы

3

В073

Сәулет

Сәулет

1

4

6B08  Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6B081 

Өсімдік шаруашылығы

3

В077

Өсімдік шаруашылығы

Агрономия

3

6B082

Мал шаруашылығы

3

В078

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

3

6В085

Жерге орналастыру

2

В081

Жерге орналастыру

Аграрлық техника және технология

2

5

6B01 Педагогические науки

6В014

Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

5

В005

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау

Дене шынықтыру және спорт

5

6В015

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

8

В009

Математика пәні мұғалімдерін даярлау

Математика

8

 

 

7

В011

Информатика пәні мұғалімдерін даярлау

информатика

7

6В013

 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

10

В003

Бастауыш оқытудың  педагогикасы мен әдістемесі

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (орыс бөлімі)

10

6

6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)

6В0101

Здравоохранение

8

В086

Здравоохранение

Жалпы медицина

8

7

7R09

Денсаулық сақтау (медицина)

 

7R091

Здравоохранение

22

0910

Здравоохранение

Пульмонология, соның ішінде балалар  пульмонологиясы,

(резидентура)

1

Жұқпалы аурулар, соның ішінде балаларжұқпалы аурулары, (резидентура)

4

Анестезиология жəне реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы жəне реаниматологиясы, (резидентура)

8

Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы, (резидентура)

2

Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматологиясы ортопедиясы, (резидентура)

3

Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы , (резидентура)

1

Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы, (резидентура)

1

Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы, (резидентура)

1

Неонатология, (резидентура)

1

 

 

 

 

100

 

 

 

100