Облыс әкімі «Ақтөбе» ФК жаңа құрамымен кездесті

12 наурыз, бейсенбі  Ақтөбе облысының әкімі «Ақтөбе» футбол командасының жаңа құрамымен танысты. Кездесуге Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений  Гончаров, «Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов, бас жаттықтырушы Алексей Петрушин және  т.б қонақтар қатысты.
«Жергілікті футболды дамытуға қаржылай  қолдау білдірген депутаттарға алғыс білдіреміз. Жаңа құрама  ақтөбелік  жанкүйерлердің үмітін ақтайды деп сенемін. Алдағы уақытта ойындарыңыз жеңісті әрі жемісті болсын деп тілеймін»,-деп атап өтті  облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Артур Смағұлов  60-70 % өзгерген жаңа құраммен  таныстырды. «Ақтөбе» командасының намысын  жергілікті ойыншылардан өзге,  Ресейден келген  Артур  Шабикеев,  Эдуард Суханов, Олег Чернышев , Бурнаш Георгий, Алексей Концедалов, Андрей Часовскихтер қорғайтын болады. Сербия елінен  легионер Цуцкич Никола  Котдивуар мемлекетінен Куаджа Куасси, Джорджевич Бобан   Черногориядан.
Команда капитаны  Виталий Волков көрсетілген қолдаулар үшін  облыс әкіміне, және клуб басшылығына алғыс білдірді.
«Клубтың намысын қолдан бермеу үшін барымызды саламыз, және бізге артылған сенімді ақтаймыз дегім келеді»,-деді команда капитаны.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі