Облыс әкімі АМК және «Коппер технолоджиге» қызметкерлерге әлеуметтік пакетті кеңейтуге ұсынды

Жұма, сәуірдің 5-і күні, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Хромтау ауданының Көктау ауылында екі  бірдей еңбек  ұжымдарымен  кездесті. Олар «Русская медная компания» ЖАҚ холдингінің құрамына кіретін «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Коппер Технолоджи» ЖШС.  Кездесу өңірге арнайы келген РМК Президенті Всеволод Левиннің сондай-ақ, облыстық кәсіподақ  өкілдерінің  қатысуымен  өтті.    

Өндірістік қызметтің нәтижелері және ұжымдық келісімнің 2018 жылы  қалай  іске  асырылғаны  туралы кәсіпорынның бас директоры Наталья Бондаренко  есеп берді. Оның  айтуынша, есепті  кезеңде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС  негізгі капиталға 10,6 млрд теңгеден астам қаржы құйса, «Коппер Технолоджи» ЖШС не  4,5 млрд  теңге салды. Әлеуметтік пакет жұмысы күшейтіліп, жалақы 4%-ке артқан.  Қазіргі кезде екі кәсіпорында 1500-ге жуық адам қызмет етуде.

Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілік принципін де сақтайды. Мәселен, Ақтөбеде 2018 жылы олардың қатысуымен сал ауруына шалдыққан, аутизм, нейро-тірек-қимыл аппаратының патологиясымен ауыратын балаларға «Аяла» оңалту орталығы ашылған еді.   

Аймақ басшысы 2019 жылға  арналған міндеттер мен тапсырмаларды  айта келе, өндіріс көлемін одан әрі арттыру, кәсіпорындарды дамытуға инвестиция тарту, еңбек ресурстарының сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті.

«Тұтастай алғанда, кәсіпорын басшыларының есептері қанағаттанарлық, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасындағы әлеуметтік-серіктестік қарым-қатынастар тұрақты, ал басшылық Елбасымыздың тапсырмаларын түсінуде. Әрине, өнімділік көрсеткішінен бөлек, жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуы тиіс», - деді Оңдасын Оразалин.

Сонымен бірге, облыс әкімі «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС және «Коппер Технолоджи» ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру қажеттілігін ерекше атап өтіп, бұл мәселенің ұйымдасқан түрде шешілуін ұсынды. Аймақ басшысы еңбек ақысын көтеру және әлеуметтік пакетті кеңейту арқылы қызметкерлердің материалдық әл-ауқатын одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

Өз  кезегінде, Всеволод Левин компания  әруақытта жергілікті атқарушы органдарға,тапсырмаларды орындау бойынша біріге жұмыс жасайтынына сенім  білдірді.

Кездесу, еңбек қатынастарын реттеу және қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруде өңірлік деңгейде келісілген әрекеттер мен өзара түсіністік туралы үшжақты меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Жиыннан соң облыс әкімі «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің №1 байыту зауытын жаңғырту барысымен танысты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі