Облыс әкімі ерекше күтімді қажет ететін балаларды жаңа-жыл мерекелерімен құттықтады

31 желтоқсан, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ерекше күтімді қажет ететін ақтөбелік 17 жасар Анастасия Голубская мен 15 жастағы Аманат Куанышевтың шаңырағында болды.

Балаларды мерекелерімен құттықтаған аймақ басшысы жеткіншектерге ноутбук сыйға тартты. Оларды қай салада болмасын үнемі белсенді болуға, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға шақырды.
«Әрбір азаматқа әр қилы сынақ беріледі, сол қиындықты жеңе білу әркімнің өзіне байланысты. Сендерге тілерім алға қойған мақсаттарыңа жетіп, елдің азаматы болыңдар»-деді облыс әкімі
Анастасия Голубская №23 мектеп-лицейінің 11-класс оқушысы. БЦС Спастикалық диплегия формасы диагнозымен ауырады. № 9 мектеп-гимназиясының 9 класс оқушысы Аманат Қуанышевқа дәрігерлер омыртқаның және жұлынның ВПР-і төменгі бос парапарезі деген диагноз қойған.
Екі оқушы да білімді үйлерінде алуда. Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева балалардың білімге деген құштарлықтары жоғары екенін, әсіресе жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылық танытандығын айтты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі