Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды

 Ақтөбе облысында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері өтіп жатыр. Аудан әкімдерінің есептік кездесулеріне өңір басшысы қатысуда. 1 ақпан, жұма күні Бердібек Сапарбаев Ырғыз ауданына келіп, жергілікті тұрғындармен бірге аудан әкімі Мәди Елеусізовтің баяндамасын тыңдады.

Жұмыс сапары Құмтоғай ауылынан басталды, ол жақта Бердібек Сапарбаев ҰОС және еңбек батырларына арналған стадион мен саябақты қарап шықты. Екі нысанды да жергілікті кәсіпкер Хамит Өтеуов «Ауыл қамқоршысы» жобасы аясында салған. Өңір басшысы сондай-ақ, жергілікті мектепті қарап шығып, оқушылармен тілдесті және олардың оқуына табыс тіледі. Кейін мәдениет үйінде тұрғындармен өткен кездесуде облыс әкімі ауыл халқымен әңгімелесіп, олардың тыңдады, сұрақтарына жауап берді. Құмтоғайлықтарды ауылға қашан газ кіретіндігі және қашан жаңа мектеп салынатындығы толғандырады.

«Газдандыру мәселесі бақылауда. Аудан орталығы - Ырғыз ауылына газ небәрі екі жыл бұрын кірген. Қазіргі таңда аудан орталығына жақын орналасқан үлкен елді мекендерді газдандырып жатырмыз, басқа ауылдарға да газ жайлап кіре бастайды, бірақ тек экономикалық жағынан мақсатты болған жағдайда ғана. Жаңа мектеп құрылысына келер болсақ, бұл сұрақты құрылыс басқармасы мен аудан әкімдігі зерттеп жатыр. Ырғыз ауданында үш жылдың ішінде бір жаңа мектеп ашылды, тағы үшеуінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Қалғаны, ауылдың гүлденуі сіздерге байланысты. Қандай жерде тұрып жатсыздар, су жақын - мал бағу керек. Қазір бұл тиімді. Мемлекет қолдауы бар. Президент Үкіметтің жуырда өткен кеңейтілген кеңесінде ет экспортын ұлғайту міндетін қойған болатын, бұл дегеніңіз етті мал шаруашылығына көңіл бөлінеді деген сөз",- деді Бердібек Сапарбаев құмтоғайлықтарға.

Ырғыз ауданы әкімінің есептік кездесуі Ырғыз ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Мәди Елеусізов 2018 жыл ішіндегі даму қорытындысы жайында баяндады. Есептік кезеңде аудан негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің барлығы бойынша оң динамикаға қол жеткізді. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы өндіріс өсімі 6,8% құрады, барлығы 10,2 млрд теңгеге өнім өндірілді. Аудандағы ірі қара мал саны 35 130 бас, қой мен ешкі -126 048, жылқы – 8 691, түйе - 1 382 бас, құс - 10 372, – деді аудан әкімі. Өткен жылы ауданда картоп пен көкөніс 337 гектар суармалы жерге егілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен төрт есе өсті. Негізгі капиталға 3,6 млрд теңге инвестиция тартылған, бұл 2017 жылғы деңгейден 42,8% көбірек. Өңір басшысы атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Бұған қоса ол ауданның ауыл шаруашылығындағы әлеуетін белсенді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Аудан экономикасының əрі қарай өсуі үшін ауыл шаруашылығы, əсіресе мал, балық жəне соңғы кездері дамып келе жатқан көкөніс шаруашылықтары айтарлықтай тірек болады. Сондай-ақ, мұнда кəсіпкерлік үшін де жақсы жағдай бар, яғни аудан аумағымен үлкен халықаралық автомагистраль өтеді. Аудан əкімінің бұл сұраққа назар аударғаны жөн», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі ауыл тұрғындарыныің сұрақтарына жауап беріп, аудан бюджетінің биыл 3,9 млрд. теңге деңгейіне бекітілгенін жеткізді, сонымен қатар, жолдарды жөндеу, ауданның елді мекендерін сумен және газбен қамтамасыз ету жоспары туралы айтты. Облыс әкімі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше назар аударды.

Облыс әкімі: «Жасөспірімдер қылмысына байланысты жағдайдың бүгін қандай екенін білесіздер,- деп еске салды. – Мектепке сеніп, қол қусырып отырудың қажеті жоқ. Ата-аналар бала тәрбиесімен өздері айналысып, оларды бақылап, немен шұғылданып жатқандарын білулері керек. Бұл олардың тікелей міндеті емес пе?! Балалар пайдалы іспен айналысып, үйлесімді әрі жан-жақты дамуы, ата-ана тәрбиесін дұрыс алуы үшін бұл мәселені бірігіп жою керек.

Есептік кездесуден соң облыс әкімі жетім балаларға арналған жеті пәтерлі үйді қарап шықты. Тұрғын үй 2017 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында салынған. Бұл мақсатқа «Наурыз-СИМ» ЖШС директоры Ибрагим Сәрсенбаев 47 млн теңге бөлді. Ол жетімдер жанұясына баспана беріп қана қоймай, оларды өз кәсіпорнына жұмысқа орналастырды. Өңір басшысы сондай-ақ, аудан әкімдігінің жаңа ғимараты мен балабақшаның да құрылыс барысымен танысты. Мектепке дейінгі мекеме 150 балаға арналған. Жоба құны – 70 млн теңге.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Было принято вопросов: