Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындарды қабылдады

Сейсенбі, 15 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңір тұрғындарын кезекті рет қабылдады.

Ақтөбеліктердің жеткізген өтініштері мен ұсыныстарының басым бөлігі жұмысқа орналасу, ауылшаруашылық, заң саласы мен әлеуметтік мәселелер, спорт пен мәдениет саласын дамытуға қатысты болды.

Облыс әкімі тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, мәселеге қатысты жауап беретін сала басшыларына заң аясында көмек беруге және орындауға тапсырма берді.

Жаңа бастамаларға қатысты ұсыныстарды жауапты мамандармен бірлесе отырып жан-жақты зерделенетіндігін жеткізді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі