Облыс әкімі ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарымен кездесті

 Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин  Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша  Комитеттің  төрағасы  Глеб Щегельский, осы комитеттің  мүшесі  Ольга Шишигина, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  Абай Тасболатов, Бақтықожа Ізмұхамбетов және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева сынды  бірқатар халық қалаулыларымен кездесті. 

Қонақтардың   Ақтөбеге ат басын бұрудағы   мақсаттары Президент  тапсырмаларының орындалу барысымен танысып, өңір тұрғындарының  мәселелерін тыңдау.  Кездесу барысында Оңдасын Оразалин Ақтөбе өңірінің Республика бойынша    даму  потенциялы  жоғары екенін, мемлекеттік  бағдарламалар бойынша  бірқатар жұмыстардың  атқарылып жатқандығын  атап өтті. 

Мәселен, таза ауыз су бағдарламасы бойынша  Ақтөбе облысындағы  347 елдімекеннің  192-сі  орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Яғни, халық санына шаққанда  94,6% құрайды. Биылдың  өзінде  14 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар жылдың соңына дейін аяқталса,  көрсеткіш  95,1% өспек. 
«Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша  салаларда өсу бар, дегенмен, кейбір мәселелерді  өздеріңізбен біріге отырып шешеміз деген үміттемін»,-деді облыс басшысы.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі