Облыс әкімі құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады

13 ақпан күні облыс басшысы "Нұр-Ақтөбе " шағын ауданында салынып жатқан  қазандықты кеңейту жұмыстарымен танысты. Аталған жұмысты  «КазТеплоЭнергоМонтаж» мердігер мекемесі 2017  жылы  бастаған. Келісім шарт бойынша 2020 жылдың наурыз айында пайдалануға беруі тиіс.

Құрылыстың  баяу жүріп жатқанын айтып өткен аймақ басшысы қазандықты кеңейтуді сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, «КазТеплоЭнергоМонтаж» мекемесінің жұмысшылары жалақыларының кешіктіріліп отырғандығын жеткізді. Айтып өтейік, Алмас Исмағұловқа келісім шартта көрсетілген 1,5 млрд теңгесі берілген. Алайда, компания қазандықты ұлғайту жұмыстарын әлі де  жалғастырып келеді.
Компания басшысы Алмас Исмағұлов облыс әкіміне  жуық арада банктегі қаражат  мәселесі  шешілген жағдайда  барлығын қалпына келтіретіндігін айтып сендірді.
Бұдан соң, өңір басшысы ы, "Нұр-Ақтөбе" тұрғын массивіндегі 900 орындық орта мектептің құрылыс қарқынын бақылады.   "Актобе Электросетьстрой" ЖШС мердігер мекемесі 2017 жылы   мектеп құрылысын бастаған болатын. Тапсыру уақыты 2020 жылдың қаңтар айы. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің   мектеп ішінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының  сапасына  көңілі толмады. Мердігер компанияның басшысы Болат Күшкенов пен қала әкімі Мавр Абдуллинге аталған мәселелерді жақын арада шешуді, құрылыстың сапалы болуын қатаң қадағалауды тапсырды. Аталған мекемеге де келісімдегі 1,5 млрд  тг- нің 1,3 млрд  теңгеден астам қаражаты берілген.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі 

--