Оңдасын Оразалин Алға ауданының тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқылады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 10 наурыз, жексенбі күні жұмыс сапарымен Алға ауданында болып, өндірістік және әлеуметтікнысандардың қызметімен танысты, тұрғындармен кездесті.

Ол Бестамақ селосында «Индустрия упаковки» ЖШС азық-түлік орамасы өндірісі цехында болды. Цех директоры Әбділмәлік  Райымбергенов облыс басшысына тапсырыс берушінің логотипі мен эмблемасын енгізіп ұн, қант, басқа да сусымалы тауарлар үшін әртүрлі сыйымдылықтағы 3 миллионға  дейінгі полипропиленді қапшықтар шығаруға болатынын айтты.

Оңдасын Оразалин бұл өндірістің Мемлекетбасшысы алға қойған халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеружәне «қарапайым заттар экономикасын» дамыту қажеттігі туралы қойған міндетіне сәйкескелетіндігін атап көрсетті. Оның пікірінше, жергілікті өндірістің сапалытауарлары ішкі нарықты толықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ең қарапайымзаттардың импортқа тәуелділігін тоқтатып, ұлттық, азық-түлік қауіпсіздігінелеулі түрде күшейтуге де мүмкіндік береді.  

Облыс әкімі бұдан кейін Ақтөбемедресе-колледжінің жұмысымен және даму перспективасымен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 68 оқушы діни білім алады. Олар үшін оқу, тұру және тамақтанутегін. Облыс басшысы мекеменің білікті кадрлар даярлау және азаматтардың дінисауаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы ролінініңмаңыздылығынатап көрсетті. 

Облыс басшысы сондай-ақ Бестамақ селосы Мәдениет үйі ғимаратында орналасқан коворкинг-орталығында болды. Оңдасын Оразалин аталғанковоркингтің облыстағы басқа да осындай орталықтар секілді бірінші кезектеағартушылық, тәрбие берушілік және мәдени мақсаттарда аға ұрпақ пен жас буындыбіріктіруші кеңістік болуы тиістігін атап көрсетті. Бұл ауқымда кеңседе қызметтүрлері мен қызығушылықтары мейлінше әртүрлі адамдар жиналып, өзараәңгімелесіп, ұрпақтар сабақтастығын сақтай отыра, тәжірибе-білімдерімен бөлісе алады.

Жергілікті тұрғындармен кездесу Алғақаласындағы Мәдениет үйі ғимаратында өтті. Кездесуге келгендер облысбасшысымен тікелей тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Көпбалалы аналарды қолдау,еңбекке орналастыру, әлеуметтік нысандар құрылысы, құқық тәртібін қамтамасызету, басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

«Рейімқұл» шаруа қожалығының басшысы Самат Қалдығұлов жұмыс істеуге ынталылардың аздығына назар аударды. Оның ойынша,Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жылы елеулі түрде ұлғаятынәлеуметтік төлемдерді алуға үміткерлерді іріктеуге мейлінше тыңғылықты қараукерек, өйткені мұндай шаралар әлеуметтік масылдықтың күшеюіне  жол ашуы мүмкін. 

- Қазіргі уақытта көптеген адамдар жұмыс істегісі келмейді, жұмыс жоқ дегенді тілге тиек етеді. Егер мен жұмыс бар,бірақ жұмыс істегісі келетіндерді табу ылғи да мүмкін емес деп айтсам, осындаотырған кәсіпкерлер мені қолдайды ғой деп ойлаймын. Біздің елімізде барлықжағдай жасалған, шағын және орта бизнесті қолдау үшін әртүрлі бағдарламаларжұмыс істейді, алайда адамдар оны пайдалана бермейді. Мемлекет шынында да жағдайы өте төмен, мұқтаж отбасыларға ғанакөмектесуі керек деп есептеймін. Ал отбасы қажеттіліктерін қамтамасызетпеулеріне қарамастан, үйінде отырып, тіпті жұмыс табуға талаптанбайтындарғанеге көмектесу қажеттігін мен түсінбеймін. Мұндайлардың да бар екенін менсеніммен айта аламын. Мұны мен облыстың бірнеше аудандарында жұмыс істейтінжұмыс беруші ретінде айтып отырмын. Мұндай адамдарға әлеуметтік төлемдерді құртағайындап қоймай, оларды еңбекке ынталандыру қажет, — деп атап көрсетті С.Қалдығұлов.

- Сіз дұрысайтып отырсыз, біз адамдарды масылдық пиғылға бейімдемеуіміз керек. Мен облысқа келгелі көптеген кәсіпкерлер жұмысшылар таба алмай отырғандарын немесе әлеуеттіқызметкерлер білім алудан өтуге құштар еместігін айтып жүр.  Сондықтан даолар жұмыс күшін сырттан тартады. Мұндай проблема бар, біз оны жасырмаймыз. Мұның барлығын ескереміз. Ауқымды түсіндіру жұмыстарын, әсіресе, жастарды кеңірек қамтып жүргізуіміз керек. Балаларды жас кезінен еңбекке баулығанымыз жөн. Оған өмірде жетістікке тек қана өзінің еңбегімен жете алатындығын түсіндіруге тиіспіз, — деп жауап берді Оңдасын Оразалин.

Алғалықтармен  кездесуден соң облыс басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Одан кейінгі жұмыс сапары «Ашық әкімшілік» жобасы бойынша индустриалды колледждің ғимаратын қайтадан құрылымдау жұмыстары барысын қараумен жалғасты. Бұл жұмысты жүзеге асыру мемлекеттік қызметтердіңсапасы мен қолжетімділігін арттырады. Халыққа қызмет көрсету орталығы,зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, техникалық түгендеме бюросы,жұмысқа орналастыру орталығы, аудандық әкімдіктің халық жиі хабарласатын —құрылыс, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары және басқа бөлімдері бір ғимаратта орналасқан.

Облыс әкімі сондай-ақ «АкТеп» ЖШС базасында құрылған Ақтөбе ет кластері қызметімен танысты. Кәсіпорында асылтұқымды ірі қараны өсіру, құрама жем өндірісі, астықпен бордақылаудан бастап етөңдеуге дейінгі өндірістің тұйық тізбегі қалыптасқан. Барлық өнімдер Ақтөбеоблысында өсірілген малдан өндіріледі.

Бүгінгі күні «АкТеп» ЖШС 10 000 іріқара бордақылау алаңы мен қуаттылығы жылына 7 200 тоннадан астам өнімберетін ет өңдеу кешеніне ие, сонымен бірге облыс бойынша 350 шаруа қожалығыменынтымақтастықта жұмыс жасайды.  

Осында компания басшысы Нұрлан Сағыналин«Фермерлерге қызмет көрсету орталығын» және «Агропарк» мал шаруашылығы өңірлікзерттеу орталығын құру жобасын таныстырды. Бұл бастамаларды облыс басшысықолдады және оны жүзеге асыруға жан-жақты көмек жасауға уәде берді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі