Оңдасын Оразалин: Ақтөбе облысы ауылшаруашылық саласының әлеуеті жоғары

 Бүгін Ақтөбе облысының  әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалымен аппараттық отырыс өтті.  Өңірдің әлеуметтік- экономикалық  дамуын талқылауға  арналған жиынға  облыс әкімінің  орынбасарлары,  басқарма басшылары, селекторлық режимде  қала, аудан әкімдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары  Руслан Хамбаров  облыстың   2020 жылдың 6 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады. Облыс басшылығы  пандемияның  экономикаға  тигізер кері әсерінің алдын-алу үшін сауда-саттық саласында бірқатар игі жұмыстарды атқаруды  қолға алған. .  Ол  үшін "Қазына", "Гастроном №1" базарларын іске қосу, сондай-ақ көтерме-сауда  орталығын салу жоспарлануда. Өңірдегі сауданың негізгі бөлігі, яғни 61,7% көтерме сауданың үлесінде. Көтерме сауда көлемі 407,7 млрд. құрады.  Ауылшаруашылық саласы бойынша, облыста  оң серпін байқалады, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 98,2 млрд. тг ауылшаруашылық өнімдері өндіріліп, НИК 103,2%. Облыс әкімінің орынбасары  Аманғали Бердалин ауылшаруашылығын дамыту  мәселесін көтерді.  Саланы дамытуға бағытталған 24 жоба бар.  Осы жобаның 6-ы құжатбастылықтың салдарынан  алға жылжи алмай отыр.  Осы кемшіліктерге қатысты  өңір басшысы   аудан әкімдеріне  ескерту жасады. 
«Кәсіпкерлікпен айналысуға ынтасы жоғары азаматтарға  қолдау көрсетеміз деп уәдені үйіп-төгесіңдер. Шын мәнінде құжат жағынан, ұйымдастыру  жағынан көмек көрсетіп жүрген жоқсыңдар.  Алдағы уақытта тоғыз айдың қорытындысын тыңдайтын уақыт келеді. Сол кезде  ауылшаруашылығын мандыта алмаған  аудан әкімдері, немесе орынбасарлары  жауапқа тыртылады»,-деді Оңдасын Оразалин. Сондай-ақ, Аманғали Бердалиннің мәліметінше , облысымыздағы  30062,9 мың га жер қорының 16617,8 мың гектары жер пайдаланушыларға табысталған, 13445,1 мың га жері мемлекеттің босалқы жер қорында тіркелген. Нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай отырған 32243,13 га  105 жер учаскесіне  тексеру жұмыстары жүргізіліп,  1 жылға нұсқама берілген. 2020 жылдың жеті айында облыс бойынша 22 конкурс өткізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі  753,8 мың га 518 жер учаскелері айналымға енгізілген.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі