Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

20 қараша,  сәрсенбі күні  облыс басшысы  Ақтөбе қаласындағы бірқатар нысандардың жұмысымен  танысты. 

Оңдасын Оразалин  алдымен  Ақжар көпірінен өтетін Қарғалы өзені жағасын таспен  жабдындау жұмыстарын көрді.  Биылғы  бөлінген қаражат  көлеміне  таспен жабындау  жұмыстары Тамды, Қарғалы, Елек, Сазды өзендерінде жүргізілуде. Жауапты мердігер мекемелер  таспен жабындау  жұмысын  желтоқсанның 10-на дейін аяқтауды жоспарлап отыр.  Ал, қалған өзендерде  таспен жабындау жұмыстарына  дайындықтар жалғасуда.     Қарғалы, Елек, Сазды, Жаман-Қарғалы, Тамды, Жіңішке,Бұтақ өзендерінің   арнасын кеңейту, бекіту жұмыстарымен  айналысып отырған   Гидрокурылыс , Берекелді , Спецстрой ЖШС-гі  мекемелері мен  Павлодарский речной порт АҚ мердігер компанияларының  басшыларына облыс әкімі жұмыстардың сапалы жүргізілуін тапсырды. Бұдан соң  аймақ басшысы Бөкенбай батырдан   М. Мәметова көшесіне  дейінгі , №51 орта мектептің ауласында жүргізілген   орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Қала әкімі Мавр Абдуллиннің сөзінше бұрын   аталған жерге  жауын-шашыннан қалған сулар  жиналып, тұрғындарға қиындық туғызып келген. Ол үшін биыл бюджеттен бөлінген  68 млн теңгеге  асфальт төселіп,  тротуар және қосымша тұрақ салынған.
Оңдасын Оразалин халықаралық Ақтөбе әуежайында болды. Өңір басшысы  әуежайдың жалпы жұмысын көріп, жоспарларымен танысты.   Әуежай желтоқсан айының соңында тағы бір әуекомпаниямен тізе қосып жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
Сазды су қоймасы маңында  орналасқан  көлемі  25,1 га құрайтын  «Баракат-Нұр» ЖШС  жер учаскесінде болды.  Аталған аймақта   коттедж қалашығы  бой көтеріп, дүкендер мен мейрамханалар, балабақшалар салынады .
Оңдасын Оразалин  Ақтөбе облыстық   білім алуға ерекше  қажеттіліктері  бар балаларға  арналған балабақшасына ат басын бұрды.  180 орынға  арналған балабақша 2018 жылы ашылған. Балаларды сауықтыру, көркемдік-эстетикалық, интелектуалды-танымдық тілдік дамыту бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Қазақ және орыс тілінде 16 топ жұмыс жасайды . 3 музыкалық және 2 спорт залы, бассейн, моненссори бөлмесі, сенсорлық бөлме және логопедтік кабинеттер бар.
Облыс әкімі  «ACE» теннис орталығының жұмысымен танысты. Қазір  орталықта қарашаның 18-де басталған   теннистен балалар  арасында  халықаралық  турнир өтуде. Спорттық жарысқа еліміздің  жас ракеткішілерінен өзге  АҚШ, Ресей, Армения елдерінен қатысуда. Облыс әкімі  спорт басқармасының басшысына  спорттық жарыстарды  БАҚ арқылы  көбірек насихаттап, тұрғындар арасында  салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған шараларды көбейтуді тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі