Оңдасын Оразалин: Біз футболды одан әрі қолдайтын боламыз

Бүгін аймақ басшысы  «Қобыланды-батыр» атындағы орталық стадионда «Ақтөбе» ФК-ның мүшелерімен кездесті. Кездесуде  ФК-тың  бас директоры Самат Смақов, бас жаттықтырушысы Александр Седнев және ойыншылар болды. Жүздесу барысында ойыншылар жеке ойларын айтып,   клубқа қатысты    мәселелердің шешілу жолдары  талқыланды. Облыс әкімі өз кезегінде спортшыларды жан-жақты  қолдауға дайын екенін жеткізді.
«Ақтөбе өңірі үшін футбол спортының орны ерекше, командада өнер көрсететін 24 ойыншының 19-ы ақтөбеліктер екен, бұл республика бойынша  өзге командаларда кездесе бермейтін құбылыс»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
«Ақтөбе» ФК-ның бас жаттықтырушысы Александр Седнев облыс әкіміне  арнайы келіп, спортшыларға  білдірген қолдауы үшін алғысын білдірді.
«Өкінішке орай, соңғы кездері жанкүйерлеріміздің үмітін ақтай алмадық, сондай сәтсіздіктерге қарамастан  үзбей қолдау көрсеткен барлық қолдаушы жанкүйерлерімізге рахметімізді айтқымыз келеді»-деді бас жаттықтырушы.
Ақтөбенің намысын қорғап жүрген ойыншылар кездесу соңында  Оңдасын Оразалинге  естелікке «Ақтөбе» ФК-ның жейдесін сыйға тарту етті. Өңір басшысы команданың алдағы ойындарына сәттілік тіледі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі