Оңдасын Оразалин: Ескі ғимараттарды қалыпқа келтіре отырып тарихи келбетін сақтап қалу қажет

 
Жұма, 9 қазан күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаланың ескі бөлігін аралап, қасбеттері қалыпқа келтіріліп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеуін бақылады.
Облыс әкімінің тапсырмасымен Ақтөбедегі көне ғимараттарды қалыпқа келтіру жұмыстарына инвесторлар тарту көзделген. Аймақ басшысының бұл ұсынысы «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясы тарапынан қолдау тапты. Аталған кәсіпорын қыркүйек айында Шернияз Жарылғасұлы көшесіндегі №62,64,66,68,70 үйлердің сыртына әрлеу жұмыстарын жүргізуді бастады.
«СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ компаниясының президенті Вэй Юйсян жүргізіліп жатқан жөндеулерді көрсетті.
«Бірлесіп атқарған жұмыстардың нәтижесінде Ақтөбе қаласының көрікті орындарын көбейтпекпіз. 150 жылдан астам тарихы қалыптасқан қалада сыртқы келбеті сұлу ғимараттар жетерлік. Жөндеу жұмыстарын жүргізуде олардың тарихи келбетін сақтап қалуды ескеру керек, Белсенділік танытып жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін»,-деді Оңдасын Оразалин.
 
Аймақ басшысы қала әкімі Асхат Шахаровқа тұрғындар серуендейтін орындардың санын арттыруды тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі