Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мәртөк ауданында болды

Аймақ басшысы Тәңірберген ауылдық округінде жүргізіліп жатқан «ҚазСуШар» РМК-ның суармалы жерге инфрақұрылым жүргізу құрылысының барысымен танысты. 
Мәртөк ауданында 666 га суармалы жерге су сорғы станциясы  салынуда. Жоба құны  80,2 млн. тг.  Құрылыс жұмыстары  2020 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған. Су сорғы станциясын салу  Ақтөбе облысы бойынша 7 ауданда жүргізілуде. Бұл егін шаруашылығымен айналысушылардың судан тапшылық көрмеуге септігін тигізеді.  Өңір басшысы Жайсаң ауылдық округінде бірқатар әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуін бақылады. Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, Жайсаң орта мектебі, Жайсаң көпсалалы колледжі спорт залының құрылысы “ Жұмыспен қамтудың жол картасы” аясында жүзеге асуда. Мектеп пен арнайы білім беру ұйымының жөндеуі 2020 жылдың тамыз айында аяқталса, спорт зал қараша айында пайдалануға беріледі. Үш бірдей нысан құрылысын жүргізуге жергілікті 70 ке жуық азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тартылған. Ғимараттарды қалыпқа келтіруге жалпы сомасы 500 млн тг жуық  қаржы бөлінген. Жайсаңдық  сегіз шекара   қызметкері биылғы жылдың ақпан айында баспаналы болған. Оңдасын Оразалин шекарашылардың шаңырағында болып, пәтерлердің жағдайымен танысты. Сондай-ақ, ТЖ кезінде облысымызға қолдау көрсетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен азаматтарды  алғыс хаттармен марапаттады.  Аудан бойынша 200 шекара қызметкерлері болса, оның ішінде Жайсанда 140.   Өңір басшысы Жайсаң темір жол шекара бақылау бөлімінде болды. Жоспарларымен танысты. Үш азаматқа “Капитан” шенін  табыстады.  Бұдан соң мемлекеттік  шекара бойында қоршаулардың салынуымен, радиолокациялық бекет жұмыстарымен  танысты. Құны 16,3 млн. тг ұзындығы  2 км болатын қоршау салынуда.
Шекара тәртібін бақылауға арналған,  АҚШ- тан жеткізілген “ РЛС Beagli” цифрлық аппараты 24 км қашықтыққа дейінгі аумақты бақылауға қауқарлы. Технологияның арқасында жыл басынан бері 32 шекарадан заңсыз өту оқиғасын анықтаған. Соңғы жағдай 17 маусым күні орын алды. Тәжік азаматы РФ өту кезінде ұсталған. 
Облыс әкімі «Қобда – Мәртөк» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың күрделі жөндеу  жұмыстарымен танысты.  866 млн. тг. жалпы ұзындығы  30 км жолға жөндеу жүргізілуде. «Ербол Эль» ЖШС мердігер мекемесі жөдеудіи2019 жылы бастаған биыл аяқталады. 
«Казахия» ШҚ-ның шөп шабу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 2016 жылы қүрылған қожалық меншігінде  1554 га жері бар, оның ішінде 946 га жайылым, 200 га шабындық, 408 га егістік. 2020 жылы 370 га арпа, 30 га картоп, 3 га көкөніс, 5 га бақша егілген. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшылығы облыс әкіміне 2020-2021 жылдарға мал азығын дайындау жоспарларымен бөлісті. 131 мың 800 тонна шөп жинау жоспарынан орындалғаны 33587 тонна. Шөп шабу науқанына 156 трактор, 102 шөп шапқыш, 84 шөп тиегіш жұмылдырылған. Облыс әкімі аудан басшысы Ермек Кенжеханұлына жол құрылыстарын сапалы атқарылуын, қосымша жұмыс көздерін ашып, тұрғындарды еңбекпен қамту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі